12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бітім – бірліктің биік белгісі

Қазақтың «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген аталы сөзінің түбіне үңілсек, қазақта ежелден-ақ келісімнің, түсіністіктің орны бөлек екенін аңғаруға болады.

Қоғам болған соң кереағар пікірлердің, түрлі дау-шардың болып тұратыны ақиқат. Сол үшін ықылым заманнан бері көшпелі өркениетте дау шешер билер қызмет атқарған. Олар даудың ақ-қарасын ғана шешіп қоймай, дауласушы тараптарды ымыраға шақырып, екі адамның ғана емес, екі рулы елді татуластыратын майталмандар болған.

Қазақ халқының осы бір өнегелі жолы бүгінде қайта қолға алынып, замануи үлгідегі қазіргі соттарға да қолданудың тетіктері жасалды.

Алдымен, осыдан он бір жыл бұрын «Медиация» туралы Заң қабылданды. Халық арасында медиаторлардың жасаған жұмыстары оң нәтиже көрсеткендігінен, өмірде жаңадан «Сот медиациясы» пайда болды. Оның негізінде судья өз қызметін атқару кезінде дауласушы тараптарға дауды бейбіт жолмен шешуді ұсынуға құқылы. Өз кезегінде тараптар ұсынысты қабыл алып жатса, келісімді судья медиатор ретінде бекіте алады.

Бұл – соттағы татуласудың алғы шарттары болса, осы үрдіс кезең-кезеңімен жетілу арқылы, соттан тыс татуласудың институты қалыптасты. Яғни, талап сотқа келіп түскен күннен бастап, сот өндірісіне алынбастан тараптармен бітімгершіліктің тиімді тұстары мен құқықтары түсіндіріле отырып сұқбаттасу өткізіледі.

Бұл жерде азаматтар бірнеше ұтымды жағдайдаларды тиімді пайдалана алады.

Біріншіден уақыт үнемделеді. Максималды түрде айтқанда бір ғана азаматтық іс сот өндірісіне қабылданған уақыттан бастап шамамен бірінші саты сотында үш айға жуық қаралады. Егер соттың шешіміне келіспеген тарап шағым келтірсе, іс сот алқасында қаралады.  Яғни сотқа дейін келісімге келсе, уақыт үнемделеді әрі сот ұйғарымы заңды күшіне он жұмыс күнінде енеді.

Екіншіден артық шығыннан арылады. Сот отырысына әр қатысқаны үшін жол шығыны, дәлелдеме құжаттарды жинағаны үшін сот шығыны бар. Ал бұл жағдайда, бітімге келу үшін сотқа бір-ақ рет қана барады және төлеген мемлекеттік баж кері қайтарылады.

 Үшіншіден стресстік жағдайдан арылады. Сот отырысының бірнеше мәрте болатынын ескеретін болсақ, әр сот отырысына дайындалу, құжаттар өткізу, шағымдану, қарсы тараппен жанжалдасу секілді жүйкеге салмақ түсетін жағдайлар бар. Ал бір ғана келісіммен кеше ғана дауласқанның бүгін қол алысуы адамды уайым-қайғадан жеңілдетеді.

Осы жағдайлар қазіргі таңда дауды шешудің ең озық әдісі болып отыр. Бүгіндері татуластырушы судья ретінде күн сайын қаншама тараптар арасындағы жылдап жиналған, бітпес дауға ұласқан түрлі деңгейдегі істерге бетпе-бет келіп жүрмін. Алайда, жылы сөз бен бір-біріне деген сенімділікті ұялатудың арқасында біраз тарап қол аласып, төс қағысып сотта дауды бір-ақ сәтте шешіп жатады. Бұл – «алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген даналықты нық ұстаған арда елдің бүгінгі ұрпақтарының араздасқанымен, ағайын елдің түбінде бір-біріне тілекші екенін, қазақтың бір ауыз сөзге тоқтайтын текті халық екенін аңғартады.

Гүлнар Тиыштықбаева

Қызылорда қалалық сотының судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...