12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алаяқтық артып барады

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық істері көбейіп барады. Әсіресе ғаламтор алаяқтары түрлі қитұртқы тірліктерге барып, халықтың қалтасын қағуда. Ғаламтордың мүмкіндігін  пайдаланып, айласын асыратын алаяқтардың әдіс-тәсілдері де күн сайын өзгеріп, жаңарып отыруда. Статистикаға көз салсақ бүгінгі күні ғаламтор арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар алаяқтықтың ішінде ең жиі кездесетіндері екен.

Заң тілінде сөйлер болсақ,алаяқтық – ол бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдап арбау арқылы өзгенің сеніміне кіріп, бөтеннің мүлкін иемдену дер едік. Алаяқтардың әрекеті ҚР ҚК-нің 90-бабы 2-бөлігінің «2,3» тармақтарымен бағаланады. Ауадан ақша жасағысы келіп, өзгелердің мүлкін пайдаланып қалғысы келіп тұратындар көп жағдайда өз әрекетін құқықтық тұрғыдан дұрыс бағаламай жатады. Өз мүддесін жоғары қойып, басқа біреуді құрбан қылып жатқанына жете мән бермейді. Сондықтан алаяқтық істерден барынша аулақ болған жөн! Елімізде ғаламтор қызметінің кең тарауы да, пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі де алаяқтық әрекеттердің көбеюіне ықпал етті.

Ғаламтор алаяқтары шекараның арғы бетінде отырып-ақ өз ойын жүзеге асыра береді. Сол себепті қылмыстың бұл түрін ашуға бірталай уақыт жұмсауға тура келеді. Өйткені өзге елде жүрген күдіктінің немесе жәбірленушінің жеке тұлғасы мен мекенжайын анықтау үшін шет мемлекеттегі құқық қорғау органдарына сұрау салу мен тапсырмалар жіберу міндетті болып саналады. Яғни алаяқтың әрекетін дәлелдеу көп уақыт алады. Сондықтан ғаламтор алаяқтарының құрбандары кейде құқық қорғау орындарына шағымданбай, қолді бір сілтей салады. Ал алаяқтың құрбандары одан сайын көбейе береді. Сондықтан барынша сақ болу керек және басқаларды да сақтандырып отыру керек. Есіңізде болсын алаяқтарға жеңіл пайда табуды көздеген немесе бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізуді мақсат еткен жәбірленушілер ұрынып жатады. Сондықтан осындай сипаттағы істерден өзіңізді аулақ ұстаңыз!

Ғаламтор алаяқтарынан сақ болу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтап, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламау қажет. Белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбей, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмай, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпай, кез келген сілтеме бойынша өтпей, спам хабарламаларға сенбей өзіңіз де айналаңыз да мүмкіндігінше сақ болса алаяқтардың арбауынан айналып өтуге болады.

Жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу кезінде барлық іс-шараларды, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды қарызға алуды тек нотариус арқылы рәсімдеу қажет. Келісім-шарттың барлық тармақтарын мұқият оқу керек. Келісімнің барлық ережелерімен келіскенше және түсінікті болғанша ешқайда қол қоймай, түсініксіз болса түсіндіруді өтініп, егер де келісім-шартың қандай да бір тармағы жазбаша көрсетілмесе, тек ауызша болса, онда сол тармақты жазбаша ендіруін сұрау, әрқашанда адамдар мен заңды тұлғалардың мекенжайын, телефонын және басқа да байланыс түрлерін нақтылау, ол туралы интернет ресурстары арқылы анықтама алу қажет. Сонда ғана алаяқтықтың азаюына ықпал ете аламыз!

Маукеев Даурен Нурмухаметович, Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...