12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызылорда ст. ЖПб-де жас қызметкерлердің отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында экскурсия өткізілді

          Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры О.Бекеевпен бекітілген «Көліктегі полиция департаменті идеологиялық және имидждік жұмысының 2022 жылға арналған жоспарының талабын орындау мақсатында жас қызметкерлердің Отанға деген патриоттық сезімдерін нығайту және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сондай-ақ туған еліміздің тарихымен таныстыру мақсатында, Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейіне танымдық экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.

Музейдің экскурсоводы Хайрулла Ұлпан  музейдің экспозициялық залдары бойынша сыр елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, қазба байлықтарын және елімізді зерттеген ғалымдармен таныстырды. Экскурсия барысында жас қызметкерлер көнеден керуен тартқан жәдігерлермен еліміздің қолөнер шеберлерінің төлтума туындыларымен және аймаққа белгілі біртуар азаматтардың өмір жолдарымен және еңбектерімен толық таныса алды. Экскурсия жас қызметкерлерге ұнап, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Қызылорда ст. ЖПб

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...