12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Басынан аққан қан маңына жиналып қалған»: Алматы тұрғындары кранның қалай құлағанын айтып берді

Алматыда куәгерлер Жетісу шағынауданындағы құрылыс алаңында болған қайғылы оқиға жайлы айтып берді. Сөздерінше, көз жұмған жұмысшы мұнаралы краннан құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

«Жебесінің бір бөлігі құлады. Терезеден қарағанда ол жерде жатты, ал басынан аққан қан маңына жиналып қалған. Басқа адамдар жүгіріп келген. Бірақ тез жанынан кетіп қалды, бірден жан тапсырған», – деді Жетісу шағынауданының тұрғыны Оксана. 

Көз жұмған 33 жастағы слесарь. Ал жергілікті тұрғындар құрылысқа қатысты көп мәселе бар екенін айтады. Олар бірнеше рет нысанды салмауды талап етіп, наразылыққа шыққан. Себебі нсыан тұрғын үйлерге жапсарластыра салынып жатыр екен. 

«Үйлердің арасындағы қашықтық, барлық санитарлық нормалар. Жұмыс басталғанда кран тереземіздің жанынан өтетін. Ал көрші үйдің дәл шатырының үстінен», – дейді тұрғын Гүлнар Келмурзанова. 

Тұрғындардың наразылығын ескерген қала құрылысын бақылау басқармасы сәулет-жоспарлау тапсырмасын кері қайтарып, «Жетісу-2» тұрғын үй кешенінің құрылысын биыл мамырда тоқтатқан. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, дәл қазір оқыс оқиғаның толық мән-жайы анықталуда және арнайы экспертиза тағайындалмақ. 

«2006-2007 жылғы барлық құжаттарға сәйкес құрылыс — монтаждау жұмыстарын жүргізуге қажетті құжаттар алынып басталған. 2020 жылы құрылыстың тоқтап қалуына байланысты жаңа меншік иесі сатып алған. Кейін көршілерден арыз келуіне байланысты жұмыс тоқтатылды. Қазір жоба меншік иесімен қайта қарастырылуда», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Әуезов және Наурызбай аудандары бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің басшысы Медет Рабаев. 

Айта кетейік, Алматыда тұрғын үй ауласының ортасына құрылыс краны құлап, ер адам қаза тапқан еді. 

«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде квазимемлекеттік секторда «ISО 37001:2016 Парақорлыққа...

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...