12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстаның сот төрелігінің үрдісінің бірі — Әкімшілік әділет!

Бәрімізге белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік кодексі қолданысқа енді.  Аталған заң соттың тараптар ұсынған дәлелдемелермен шектелмей, барлық мән-жайды тыңғылықты зерттеуімен, дәлелдемелер жеткіліксіз жағдайда оларды өз бастамасымен жинақтауына мүмкіндік беруімен құнды. Бұған қоса судья құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала пікірін білдіре алады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске әкімшілік орган ұғымы енгізілді. Әкімшілік органға тек мемлекеттік қана емес, сонымен бірге мемлекеттік басқару саласында өкілеттіктер берілген нысандар да кіреді. Бұл қатарда жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ, әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет пен әрекетсіздікті жасау бойынша өкілеттіктер берілген ұйымдар бар.

Кодекс талаптары әкімшілік органдар жауапкершілігін арттырды. Мысалы, шағым түскен мекеме өзінің дұрыстығын дәлелдеуімен қатар, қажетті құжаттар мен мәліметтерді дер уақытында ұсынуға міндетті. Егер олардың әрекеті немесе әрекетсіздігі істің созылуына әкелсе, онда сот ол үшін ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Заңмен ақшалай өндіріп алу шаралары көзделген. Бірақ, олар, яғни, әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза, әкімшілік жауаптылыққа тарту болып саналмайды.

Әкімшілік сот ісін жүргізуде талаптың төрт түрі, атап айтқанда, дау айту жөнінде, мәжбүрлеу туралы, әрекет жасау, тану туралы қаралады. Мысалы, дау айту жөніндегі талап қоюда дәлелдеу міндеті әкімшілік актіні қабылдаған жауапкерге, ал, мәжбүрлеу туралы талап қоюда әкімшілік актіні қабылдаудан бас тартуға негіз болған фактілер бөлігінде жауапкерге және өзі үшін қолайлы әкімшілік актінің қабылдануы негізделетін фактілер бөлігінде талапкерге жүктеледі. Үшінші талап түрінде әрекет жасау немесе әрекетсіздік танытудан бас тартуға болатын фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы дәлелдейді. Тану туралы талап қою бойынша қандай да бір құқықтық қатынастың болуын немесе болмауын растайтын фактілер бөлігінде талап қоюшы және заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ, қандай да бір жасалған әрекет пен әрекетсіздіктің құқыққа сыйымдылығын негіздейтін фактілер бөлігінде жауапкер дәлелдеуге міндетті. Бұл тұрғыда жауапкер әкімшілік актідегі негіздемелерге ғана сілтеме жасайды. Егер әкімшілік істің нәтижесіне негізделген қандай да бір факт дәлелденбей қалса, онда ол дәлелдеудің ауыртпалығын көтеретін тарапқа жүктеледі.

Іс талап қойылған сәттен бастап қозғалды деп есептеледі және істі қарау уақыты ақылға қонымды мерзім – үш айдан аспайды. ӘРПК-да медиация, әлемдік немесе партисипативтік келісім сияқты татуластыру рәсімдері аясында әкімшілік органмен татуласу мүмкіндігі берілгенін де айта кеткен жөн. Елімізде мамандандырылған әкімшілік соттардың құрылуын әкімшілік сот ісін жүргізуді азаматтық іс жүргізуден бөлудің маңызды қадамы деуге болады. Билік қатынастарындағы дауларды шешіп, азаматтарды әкімшіліктің заңсыз әрекеттерінен қорғайтын мұндай соттар кәсібилік, бейтараптық және дауларды шешу құзыреттілігі тұрғысынан әкімшілік сот төрелігін ұйымдастырудың ең қолайлы нысаны болып есептеледі.

Азаматтардың қоғамдық билікпен қарым-қатынасындағы құқықтарын әділ қорғау мақсатында қабылданған заң сот төрелігінің ашықтығы мен сапасын одан әрі қамтамасыз етері, сондай-ақ, жүйе жұмысына деген сенімді нығайтары хақ.

Шымкент қаласының МАӘС баспасөз қызметі

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...