12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТАЛАП ҚОЮДЫ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН МЕРЗІМ

Әкімшілік істер бойынша талап қою мерзімі процестік мерзім болып саналады. Сондықтан, әкімшілік істі алдын-ала тыңдауға дайындық жүргізу барысында судья міндетті түрде бұл мерзімнің сақталуын тексереді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің 136-бабына сәйкес талап қоюды беруге арналған мерзімдер төмендегіше:

 — Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.Әрекет жасау туралы талап қою адамға әрекеттің жасалғаны туралы мәлім болған, сондай-ақ әрекет жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткен күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.

 Тану туралы талап қою сотқа тиісті құқықтық қатынас туындаған кезден бастап бес жыл ішінде беріледі. Заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тану туралы талап осы акт арқылы оның құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны туралы мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде мәлімделуі мүмкін. Сонымен қатар, сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талап қою әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа беріледі. Құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы. Шағымды қарайтын органға шағым берген адам шағым бойынша шешім табыс етілген кезден бастап бір ай ішінде не шағымды қарау мерзімі өткен соң, егер шағым бойынша шешім қабылданбаса, талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы. Егер қойылған талап бойынша талап қою мерзімі өткен болса судья талап қоюшыға ол мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш беру тәртібін түсіндіреді. Азаматтық істер бойынша сот талап қою мерзімін қолданады, егер екінші жақ ол мерзімді қолдануды сұраса және талап қою мерзімін қолданған жағдайда сот талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады. Ал әкімшілік істер бойынша бұл мерзім процестік мерзім болғандықтан, оның сақталуы міндетті болып табылады  және ол мерзімнің өтуі істі негізінен қарауға кедергі болады. Дәлелді себеппен өткізіп алынған мерзімді сот Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін. Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептерімен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды. Егер талап қоюды сотқа беруге арналған мерзім қалпына келтіруден бас тартылса  талап қою арызы Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес қайтарылады. Бұл жағдайда талап қоюшыға осы талаппен сотқа қайта жүгінуге мүмкіндік берілмейді. Сонымен қатар, мемлекеттік баж шығындары да жоғарыда аталған Кодекстің 122-бабының 2- бөлігінің талабына сай қайтарылмайды.

Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы (Мысалы: талап қоюды қалпына келтіру туралы өтініш беруге талап қоюшы бас тартса) талап қоюды қайтаруға негіз болады.

Шымкент қаласының МАӘС баспасөз қызметі

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...