24 C
Алматы
Вторник, 19 июля, 2022

Солжағалау пробация қызметі есебінде тұрған сотталған мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

          Кеше ШҚО Өскемен қаласы №2 соты мен онлайн түрде, ашық сот отырысы өткізіліп, сот процессі барысында ШҚО бойынша Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат А.Г.И-дің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды. Сотталған А.Г.И. 24.05.2021 жылы Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі 3 тармағына сәйкес, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау қойылған.

          15.06.2021 жылы Солжағалау аудандық пробация қызметі бөліміне есебіне алынғаннан кейін, И-мен пробация қызметкерлері тарапынан тәрбие жұмыстары үнемі жүргізіліп отырылды. Жаза өтеу барысында, жаза өтеу тәртібін және өзіне сот үкімімен жүктелген міндеттерді бұзбай, өзімен жүргізілген тәрбие жұмыстарынан дұрыс қорытынды шығарып, өзінің түзелгендігін дәлелдеді.

         — Мен ұрлық бойынша қылмыс жасадым, қылмыс жасағаныма қатты өкіндім, мен пробация қызметіне есепке алынғаннан  кейін менімен көптеген тәрбие жұмыстары жүргізілді. Түзелу жолына тұрдым, алдағы уақыттарда бұндай қателіктер жасамаймын, қазіргі уақытта 2-ші топ мүгедегімін деп-өз сөзін аяқтады. Пробация қызметі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған азаматтардың түзелуі бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.

                                                              Г.М.Таткенова, ШҚО бойынша ҚАЖД

                                                               Солжағалау аудандық

                                                               пробация қызметі бөлімі

                                                               аға инспекторы

                                                               әділет аға лейтенанты

                                                              

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости