12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл ауру Еуропа сапарынан оралып, медициналық мекемеге жүгінген жас жігіттен анықталған.

«Науқастан алынған биоматериалдар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды.

Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — делінген хабарламада.

Науқас Ресейге келген соң, шектеулі адамдар тобымен байланыста болғаны атап өтілді.

Маймыл шешегі — вирустық ауру, оның белгілері табиғи шешекпен ауыратын науқастарда байқалған белгілерге ұқсас.

Айта кетейік, маймыл шешегі байланыс және тамшылар арқылы дем шығарғанда берілуі мүмкін. Шешек жұқтырған маймылдардың көпшілігі бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ ауру кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін. 

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу...

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...