12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СҚО-да сотталғандар Instagram-ды пайдаланады

2022 жылдың мамыр айынан бастап СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/6 мекемесінің (әйелдер колониясы) сотталған әйел адамдары ерекше «Instagram»-ды пайдалануда.

Сотталған Айман есірткі заттарын заңсыз қолданғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мекемеге келгеннен кейін Айман басқа сотталғандардан өзінің шығармашылық идеяларымен ерекшеленді. Бас бостандығынан айырылғанға дейін ол әртүрлі әлеуметтік желілерді пайдаланды. Сонымен, ол өз идеяларын жеткізе алатын және жасаққа пайдалы болатындай жаңалықтарды жеткізу үшін ол өзінің парақшасын-«Instagram» газетін ашты.

Мен жасақтың өміріне өз атымнан қандай да бір жаңашылдықтар енгізгім келді, бірақ оны қалай жасау керектігін білмедім. Мен «Кроссфит – Денсаулық клубын» құрдым. Әрі қарай маған ерекше газетті құру идеясы туындады. Осылайша «Instagram» туралы идея пайда болды. Мен осы әлеуметтік желінің дизайнын, оның қалай көрінетінін есіме түсіре бастадым. Жасақтағы сотталған әйелдер менің идеямды қолдады және көмектесті. Біз бәріміз Insta-газет жасадық. Газетте 6 айдар бар: «Денсаулық кеңестері»,»Бақшаны қалай басқаруға болатындығы туралы кеңестер», «Сұлулық кеңестері»,»Ерекше еске салғыштар» (мысалы, суды қалай ішу керек),»Жадынамалар». Жаздың арнайы айдары «Құлпынай» деп аталады, онда бюджеттік және қол жетімді бет, мойын, қолға арналған маскалардың нұсқалары бар. Сотталған әйелдерге және маған бұл идея өте ұнады, жоспарда тағы бір газет құру бар, ол да қызықты болуы керек. Мен ақпаратты жаңарту үшін Insta-газетке жақындаған кезде, көптеген адамдар келіп, әр жолы қызықты және ерекше жаңалықтарды күтеді. Олар «Ұнайды» сілетемесін, жүректерді салу арқылы жасайды. Газетте тағы мынадай айдар бар, мысалы, адам кітапты оқыды, оған ұнады, ол онымен бөліскісі келеді. Сондай-ақ, олар маған келіп, кітаптың аты мен авторын айта алады, өз әсері мен пікірлерін қалдырады, егер бұл жаңалық «Insta оқырмандары» үшін қызықты болса, мен бұл жаңалықты Insta газетіне жеткіземін. Ақпарат аптасына бір рет жаңартылып отырады, «Жадынама» айдарынан басқа, ол айына бір рет жаңартылып отырады. Жаңалықтар газеттер мен журналдардан алынады. Олардың негізгілері: «Лиза», «Ойлап табылмаған әңгімелер», «Корей косметикасы», «Avon» журналдары. Көптеген сотталған әйелдерге журналдарды туыстары береді, олар оқыған соң маған береді, ең қызықтысын таңдап аламын. Сотталған әйелдерден көптеген ұсыныстар келіп түседі, олар жақындап, қалай ойлайсың, мүмкін ендігі жұмада мынадай жаңалықтарды қосармыз деп айтады. Ақпарат жаңартырмас бұрын, ол алдымен жасақ бастығымен келісіледі. Жаңалықтарды іздеу процесі мен үшін өте қызықты. Денсаулық клубы туралы. «Тимбилдинг», «Йога», «Зумба» айдарлары бар. Әр апта сайын жаңа жаттығулар. Олар қайталанбайды», — дейді сотталған Айман.

Сотталған әйелдермен тәрбие жұмысында олардың әлеуметтік дамуына көп көңіл бөлінеді. 2021 жылдан бастап Петропавл қаласының әйелдер колониясында «Эллегия» әдеби клубы жұмыс істейді, ол күн сайын көбірек қатысушыларды жинайды, сондай – ақ «Денсаулық клубы-Кроссфит» үйірмесі ұйымдастырылды, оған «Жастардың» көп бөлігі қатысады, колледжді бітіргеннен кейін «Ландшафтық дизайн» және «Шаштараз» мамандықтары бойынша, сотталғандармен көгалдандыру, гүл отырғызу, мекеме аумағын абаттандыру және шаш жасау,бет күтімі, т. б. бойынша түрлі байқаулар өткізіледі. Бұл жұмыстың нәтижелері оң нәтижелерін беруде. «Instagram» газетінің құрылуы сотталғандарға жағымды әсер етеді және жасақ буынын біріктіруде зор ықпалын қосуда, — СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры Оксана Вышар.
Петропавл қаласының әйелдер колониясында 200-ден астам сотталған бар.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Сотталғандарға наурыз көже таратылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінде...

Қызылордада есептегі бес сотталғанның отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Наурыз мерекесінің қарсаңында Қармақшы аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен “Наурыз мейірімі”...

Теологиялық оңалту жұмыстарын жүзеге асыру

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №79 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын...

Сотрудники учреждения №2 Департамента УИС по городу Астана продолжили марафон добрых дел

2-ой день праздика «Наурызнама», который начался 14 марта является...