12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Роналду мен Месси бір футбол клубында өнер көрсетуі мүмкін

Ағылшындық «Манчестер Юнайтедтің» португалдық футболшысы Криштиану Роналдудың мүддесіне сай әрекет ететін агенті Жорже Мендеш ойыншының француздық «Пари Сен-Жерменге» ауысуы туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Роналду «Манчестер Юнайтед»-тің Бангкокте өтетін маусым алдындағы турына бармағаны белгілі болды. Футболшыға отбасылық мәселелерді шешу үшін қосымша демалыс берілді. Роналду да дәл осы себепті маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында клубтық жаттығулардың бірқатарын өткізіп алды.

Команда өткен маусымда Чемпиондар лигасына өте алмаған соң, Роналдудың «Манчестер Юнайтедтегі» “тағдыры” белгісіз болып тұр.

Айта кетейік, шабуылшы «Юнайтед» басшылығынан қанағаттанарлық ұсыныс болса, клубтан кетуге рұқсат сұраған.

ESPN хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» тарапы футболшы ағылшын Премьер-лигасының (EPL) командасына ауыспайтын болса онымен қоштасуға дайын.

Португалиялық ойыншы өткен маусымда Премьер-лигада 18 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. «Манчестер Юнайтед» ұлттық чемпионатта алтыншы орынға шықты.

Роналду «Алтын доптың» бес дүркін иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы және 2016 жылғы Еуропа чемпионы.

Сондай-ақ, қазір ПСЖ сапында әлем футболының тағы бір жұлдызы  – аргентиналық Лионель Месси өнер көрсетуде.

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...