12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«АРТСПОРТ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
АЯҒЫ НЕГЕ СҰЙЫЛДЫ?

Қазақстан халық партиясы «АртСпорт» бағдарламасына өзгерістер енгізу жоспарланған жобаны дереу қайтарып алу керек деген мәлімдеме таратты. Олар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына «АртСпорт» бойынша өз шешімдерінен бас тартуды ұсынды. Оны Нұр-Сұлтанда өткен көп балалы ата-аналар, қызмет көрсетушілер, Мәжіліс депутаттары, сарапшылар қатысқан дөңгелек үстелге қатысушылар қолдап отыр. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды онлайн-талқылау 5 шілдеде аяқталды. Осы уақыт ішінде ашық НҚА порталына 700-ден астам ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен.

«Бағдарлама «АртСпорт» платформасы арқылы жүзеге асырылады – оны азаматтық қоғам өкілдері тегін әзірледі. Бағдарлама бойынша 565 мың бала ваучерлерге қол жеткізді, 200мыңнан астам бала кезекте тұр. «АртСпортқа енгізу бойынша талқыланған өзгерістер пайдалы емес. Олар бағдарламаны «өлтіреді». Сондықтан біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бұйрық жобасына өзгерістер енгізбеуді және кері қайтарып алуды ұсынамыз. Мәселені шешу – шамамен 100 млрд теңге, оларды бюджеттен табуға болады»,– дейді ҚХП төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев.Оның айтуынша, қолданыстағы платформа ваучерлерді ашық түрде таратуға мүмкіндік береді. Мұны ҚР цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен салыстыру растады, ол «өтірік қатысушылар» деп аталатындардың саны небары 600 немесе шамамен 0,001%-ды құрағанын көрсетті. Қазіргі таңда бағдарлама «оны жүзеге асыру үшін бюджет қаражатының тапшылығынан» тоқтап қалды. ҚХП есептеулері бойынша, мәселені шешу үшін шамамен 97 млрд теңге қажет. – Қазіргі таңда «АртСпорт» бағдарламасы – сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызбайды. Жүз мыңдаған балалардың ата-аналары өз қаражаттарына құнын төлей алмайтын үйірмелер мен секцияларға баруға мүмкіндігі бар. «АртСпорт» тек балаларға ғана емес, сонымен қатар ақылы жаттығуларға отбасылық бюджетті үнемдеуге және өз отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартып қаражат жұмсауға мүмкіндік алған ата-аналарға да әлеуметтік қолдау болды. «АртСпорт» бағдарламасы нақты статистиканы манипуляциялауға себеп болды. Өкінішке орай, бұл бағдарламаның ең үлкен проблемаларының бірі – жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін, еш расталмаған жалған ақпарат, жалған деректер мен сандар ғана емес. Шенеуніктер 2-2,5 млн баланы ҚР БҒМ-нің қосымша білім беруімен қамту бағдарламасы бойынша қамтылғаны туралы мәлімдеген кезде: «бұл балалар қайда» деген сұрақ туындайды, – деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин. Омбудсменнің айтуынша, «елімізде 30 мың дене шынықтыру оқытушысы жұмыс істейді. Олар қосымша ақы алады және аптасына 3 үйірме жүргізеді» деген тезис сын көтермейді. Біз мұның қалай болатынын түсінбейміз. Екі ауысымды, үш ауысымды мектептер бар, спорт залдары жоқ мектептер саны өте көп. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысына сын айтқан ҚХП Парламенттік фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова: «Біз дәл осы жолмен жүріп, шенеуніктердің ойлау парадигмасын өзгертуіміз керек. Кеше маған Мәдениет және спорт министрлігі бізге қажет емес деген ой келді. Біз оны таратуымыз керек. Себебі, балаларға да, мәдениетке де, спортқа да жаны ашымайтын министрлік мүлдем қажет емес», – дегенді де айтты. Әріптесін қолдаған AMANAT партиясының өкілі Константин Авершин: «Мен қаражат табуға болатындығын жақсы білемін, сонымен қатар қазір біз кейбір әйгілі жұлдыздардың концерттеріне ақша тапқандықтарының куәсіміз. Олар сол LRT және тағы басқа құрылыстарға қайдан ақша табады?Мен бұны, біздің Президенттің осындай күшті бастамасына қарсы қасақана жасалып отырған диверсия деп санаймын. Жаңа ғана цифрлар айтылды, жарты миллионнан астам бала осы бағдарлама арқылы үйірмеге қатысады», – деді. Ал «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ басшысы Саида Таукелеваның сөзіне қарағанда,балалардың болу-болмауын анықтау үшін мониторинг кенеттен жүргізілді, кейбір үйірмелер жабылды. Шенеуніктердің басты сылтауы – «өтірік қатысушылар». Қоғамдық бақылау мониторингі жүргізілген барлық өңірлер бойынша мұндай бірде-бір нысан анықталған жоқ. Мемлекет басшысы 2022 жылды– Балалар жылы деп жариялағанда оған қуанған ең алдымен ата-атаналар болған еді. Алайда, «АртСпорт» бағдарламасына өзгерістер енгізуді жоспарлап отырған құзырлы орган жобасы Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет құру» саясатына өз көлеңкесін түсіріп отыр. Ата-аналардың «мемлекет мектеп жасындағы балалардың бос уақытын дұрыс пайдалануы үшін спорттық немесе шығармашылық жеңістерге ынталандырудың орнына, олардың ұмтылыстарына кедергі қоюда»– деген талабы «еститік үкімет» қызметіне сын болса қанеки.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 25, 26 және 27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Алматы тауларындағы заңсыз құрылыс: қанша нысан бұзылды?

Мегаполисте қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша құрылысты, әсіресе таулы аймақтағы құрылысқа бақылауды күшейту жалғасып жатқаны айтылды.