12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЗАҢДАР НЕГЕ ЖИІ ӨЗГЕРЕДІ?

Заң шығару үрдісінде жүйелі кемшіліктер орын алып келеді. Соның бірі Үкімет тарапынан дұрыс жоспарламау, заң жобаларының дұрыс пысықталмауы және дайын болмауы. Атқарушы биліктің көбінесе мерзімі жақындаған кезде белсенділігі арта бастайды. Мұны, әдетте, жылдың немесе сессияның соңында байқауға болады. Парламент қабырғасында заң жобаларының көптеген нормаларын қайта өңдеп шығу, жекелеген нормалар бойынша Үкімет мүшелерінің нақты ұстанымының болмау үрдісі қалыптасып отыр. Бұл жөнінде Парламенттің VII шақырылымдағы екінші сессиясының жұмысы қорытындыланған бірлескен отырыста айтылды.

Алқалы бас қосуда қалыптасқан дәстүр бойынша Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов баяндама жасаған болатын. Аталмыш жағдайға айрықша тоқталған Ерлан Жақанұлы сөзін нақты мысалдармен дәйектеген еді. Оның айтуынша, үкіметтің заң шығару ісіндегі тұрақты шешімінің болмауы салдарынан Денсаулық туралы кодекстің бір нормасы тек бірінші жартыжылдық ішінде қарама-қарсы позицияда екі рет түбегейлі өзгеріпті. Нақтырақ айтқанда қаңтар айында елімізде тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шекті бағасыз сатып алуға және бірлесіп төлеуге жол бермейтін өлшем талап қабылданып, маусым айында оның күші жойылған. Екі жағдайда да өзгерістің қажеттілігі халықтың дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін деген уәжбен түсіндірілді. Ең өкініштісі, мұндай фактілер бірлі-жарым емес. Қаралып жатқан заң жобаларына өзгерістер толассыз енгізіледі, олардың ішінде жобаның тұжырымдамасына сай келмейтін түзетулер де бар. Соның салдарынан заң жобасының бастапқы концепциясы айтарлықтай өзгереді. Министрлер депутаттар арқылы өздерінің «жанып тұрған» мәселелерін шешіп қалғысы келетін жағдайлар да бар. Бұл заң жобаларының Мәжілісте де, Сенатта да қаралу сатысында жиі кездеседі.

Осының салдарынан Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын Сенат түзетулермен қайтаруға мәжбүр болады. Көп жағдайда бұл жаңа түзетулер – Мәжілісте ұсынылмаған және талқыланбаған нормалар болып келеді. Заң жобаларын сапасыз дайындау және сараптамаларды уақытылы жүргізбеу Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыруға кедергі келтіруі мүмкін. Депутаттардың түзетулеріне қорытындылардың уақытылы берілмеуі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Мысалы, бала құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасы бойынша Үкіметтің жауабы 5 айдан кейін келді. Соның салдарынан, бұл заң Мәжіліске енгізілгеннен кейін екі жыл өткен соң ғана қабылданды. Заң жобаларын Парламенттің қос палатасында таныстыру кезінде жекелеген министрліктер мен ведомство баяндамашыларының дайындығы жеткіліксіз болатын жағдайлар да кездеседі. Депутаттық корпустың сауалдарына берілетін жауаптар сапасына да көңіл толмай жатады. Үкімет мүшелері сауалдарда ең алдымен, сайлаушылардың тілектері мен аманаттарын көтеріп келгендерін түсінбейтіндей.

Содан да болу керек оларға Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар көбіне бір қалыптан шықпайтын сырғытпа жауаптар жібереді. Осы жайларға тоқталған Қошанов мырза алдағы уақытта заң жобалары мен сараптамалардың сапасын бағалау Парламенттің ерекше бақылауында болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың депутаттық сауалдарға ауызша жауап беруінің практикаға енгізілгендігіне назар аударта келіп, депутаттар корпусы мен Үкімет мүшелері заң сапасын арттыруға бірлесе атсалысуы керектігін мәлімдеді. Тұтастай алғанда бұл сессияда Парламент біршама жемісті жұмыс атқарды деп айтуға болады. Оның жұмысының негізгі стратегиялық басымдықтарын ҚР Президенті былтырғы қыркүйекте сессияның ашылуында, сондай-ақ, Қазақстан халқына жолдауында айқындап берген еді. Жалпы Парламенттің осы сессиясы барша қазақстандық қоғам үшін айрықша жауапты кезең болғаны белгілі. Бұл ретте, әсіресе, тұтас еліміз үшін сын болған қаңтардағы оқиғаға орай дер кезінде және жедел әрекет ету қажеттігі туғанын айрықша атап өткен жөн. Осындай күрделі уақытта Мемлекет басшысы Парламент қабырғасында Қазақстан халқына жолдау жасап, ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Саяси трансформацияның негізгі өзегі – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру, барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктер жасау болды. Сондықтан да екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі де айтарлықтай мазмұнды болды деп айту орынды. Қошанов мырзаның айтуынша, ПарТ үркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасының ұйымдастыруымен Өңірлік экспорттаушылар кеңесі мен Өңірлік инвесторлар кеңесі өтті. Екі кеңеске де Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай төрағалық етіп, жүргізіп отырды. ламент палаталарының 4 бірлескен отырысы өткізілді. Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралса, Сенат құрған 42 жалпы отырыста 148 мәселе талқыға шығарылды. Ағымдағы сессия кезінде қос палатаның қоржынында болған 127 заң жобасының 78-і қабылданды. Оның бүгінгі таңда 66-на Президент қол қойып, күшіне енді. Әдеттегідей, депутаттар елдің басты қаржылық құжаты – 2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке және оны нақтылауға баса мән берді. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға, денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға және басқа да маңызды мәселелерге қомақты қаражат бөлінді. Құқық қорғау саласына қатысты бірқатар мәселелер шешімін тапты. Айталық, қылмыстық саясатты ізгілендіру принциптерін басшылыққа ала отырып, республикада азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасалды. Тиісті тетіктер Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңда бекітілді. Президенттің тапсырмаларын орындау үшін құқық қорғау органдарының, прокуратураның және соттың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің аражігін ажырататын қылмыстық-процестік заңнаманың үш буынды моделі енгізілді. Осы реформаның нәтижесінде, жыл басынан бері ғана прокурорлар 590 қылмыстық істі қысқартты және1800-ден астам адамды айғақтар жеткіліксіз болғандықтан қылмыстық жауапкершілікке тартуға жол берген жоқ.

Қазақстанның ұлттық заңнаманы үйлестіру туралы халықаралық міндеттемесі өлім жазасының күшін жою туралы заңда көрініс тапты. Депутаттар құқық қорғау органдарын реформалаудың нормативтік базасын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырды. Осыған орай, құқық қорғау қызметін өткеру, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелері реттелді. Сессия барысында заң шығарушылар әлеуметтік саланы үнемі басты назарда ұстады. Мәселен, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Соның арқасында базалық әлеуметтік кепілдіктердің өзекті тұстары шешілді. Атап өтетін болсақ, ерекше күтімді қажет ететін адамдарды қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру қоса қарастырылды. Сессия барысында депутаттардың бастамашылығымен 27 заң жобасы әзір­ленді. Олардың 19-ы қазіргі уақытта қабылданды және 8 заң жобасымен жұмыс жалғасып жатыр. Депутаттар бастамашы болған заңдардың бірқатары Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған. Олардың ішінде «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі», «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңдар қабылданды. Қоғамды толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алу мақсатында, Парламент қабырғасында сайлаушылардың көкейкесті проблемаларын шешу барысы туралы Үкімет мүшелерінің жауабы тыңдалды. Мысалы, Сенатта еліміздің бірқатар аймақтарындағы су тасқынының себептері мен салдары, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» талқыланды. Ал Мәжілісте агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселесі қаралды. Ерлан Жақанұлының айтуынша, қоғамда көтеріліп жүрген проблемаларды тиімді әрі уақытылы шешуге мүмкіндік беретін мұндай тәжірибе өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, өзекті мәселелер туындаған жағдайда, депутаттардың шұғыл түрде өңірлерге шығуы да Парламент жұмысындағы тың қадам. Депутаттар осылайша халықты толғантқан мәселелерден шет қалмай, әрдайым оларды шешудің алдыңғы шебінде болмақ. Парламентте қоғаммен байланыстың дәстүрлі нысандарынан бөлек, диалогтың жаңа форматтары енгізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық талқылауларды әлеуметтік желілер мен қала алаңдарынан Парламент қабырғасына әкелу қажеттігі жөніндегі бастамасына орай Мәжілістің жанынан Қоғамдық палата құрылды. Оның құрамына қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық сектор өкілдері кірді. Сонымен қатар, азаматтардың талап-тілектеріне жедел ден қою үшін Мәжілістің Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Қошанов мырза бұл институт халықпен кері байланыстың тиімді арнасы болады деп сендірді. Бұларға қоса, Сенатта «Ұлттық мүдде» диалог алаңы жұмыс істейді. Онда ұлттық мүдделерге, құндылықтарға, ұлт болашағына қатысты мәселелер талқыланады. Алдағы сессияда да жұмыс қарқынды болмақ. Кезекті Парламенттік сессияда заң шығару жұмысы, ең алдымен, Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауында қойылған міндеттерді орындауға, конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталмақ. Осы тұрғыда 20-дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп, қабылдау міндеті тұр. Олардың қатарында прокуратура, омбудсмен туралы конституциялық заңдар мен сайлау, саяси партиялар туралы және басқа заңдарға енгізілетін өзгерістер бар.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Неге алматылық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін таққанды ұнатпайды? Полиция статистикасы

Көптеген басқа қаладағы сияқты Алматыда да жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққысы келмеу үрдісі сақталған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.