12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Астана күніне орай отшашу болмайды — әкімдік

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Астана күнін мерекелеу жоспары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

«Биыл Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай отшашу болмайды. Бірақ қаланың 24 жылдығына орай концерттерден бастап спорттық фестивальдерге дейін ондаған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысан (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыт, скверлер, қоғамдық кеңістіктер, 80-нен аса аула аумақтарының және т.б. ашылуы өтеді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымы концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер және т.б. ұйымдастырады.

Іс-шаралар жоспары

1-6 шілде аралығында «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде «Елорда пейзаждары» атты арт-көрме жұмыс істейді. Біріккен музейлер дирекциясы мерекеге орай бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырады: 1-8 шілде аралығында «Ел тірегі — Елорда» көрмесі, 1-5 шілде аралығында — «Киелі менің Елордам» фотокөрмесі. 5 шілде күні «Әлем картасындағы жаңа елорда» ашық есік күні өтеді.

4-6 шілде аралығында Орталық саябақта «Mereke Street» қалалық мәдениет фестивалі өтеді.

5 шілдеде сағат 19:00-де филармонияның концерт залында «Әзіл әлемі» әзіл кеші ұйымдастырылады. Осы уақытта «Астана Опера» опера және балет театры «Шопениана» және «Шехерезада» күміс дәуірінің балеттерін ұсынады.

5 және 6 шілдеде «Колизей» спорт кеңістігінде «Отан Ана» монументінің жанында стритболдан «Nur Sultan Cup» турнирі ұйымдастырылады. 5-9 шілде аралығында «Астана Балет» театры «Орфей және Эвридика» балетінің премьерасына шақырады.

Астана күні, 6 шілдеде сағат 11:00-де Триатлон паркте «Elorda Tolqyny» спорттық жарысы басталады. Осы уақытта «Қазанат» ипподромында шабандоздар «Елорда кубогы» үшін бәйге түрлерінен бақ сынайды. Кешке, сағат 21:00 — де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов «Ақ қанат — ақ құсым» бағдарламасымен өнер көрсетеді. Сағат 18:00-ден 22: 00-ге дейін «Астана-Арена» стадионының тұрағында дәстүрлі Open air «Халықпен бірге» өтеді. Сол күні кешке «Қазақстан» ОКЗ «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған «Далам менің» концерті ұйымдастырылады.

8 шілдеде Амфитеатрда «Мен сені сүйемін, менің астанам» атты концерттік қойылым өтеді. «Барыс Арена» мұз сарайының жанында 12 сағаттық Open air «You Fest» шарасын өткізу 20 шілдеге ауыстырылды.

Айта кетейік, Астана күніне арналған іс-шаралар маусымда басталды. Мәселен, Ермұрат Үсеновтың 70 жылдығына арналған «Өмір дастан» концерті, ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирі, көрмелер, сондай-ақ Ұлттық домбыра күнін мерекелеу ұйымдастырылды.

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...