12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚОЛДАУ КҮТЕДІ

Біз, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері мансаптық өсу мен ондаған мемлекеттік қызметшінің тағдырына әсер етуі мүмкін мәселені көпшілік назарына шығарғымыз келеді. Бұл мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан біржақты, жазалау тәртібімен ғана қаралмауға тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 11-бабына сәйкес, мемлекеттік лауазымға тағайындалғанға дейін кандидаттар өздерінің активтері мен міндеттері туралы декларацияны ұсынуы тиіс. Аталған баптың нормасын бұзғаны үшін Қазақстан әкімшілік заңнамасында екі жауаптылық көзделген. 272-бап – салық есептілігі, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбағаны, сондай-ақ, салық есептілігінде толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін мемлекеттік қызметке тағайындалған адамға қатысты қолданылады. Ал 680-бап – бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті шара қабылдамағаны үшін мемлекеттік орган басшыларына қолданылады. Бізді алаңдатып отырғаны да осы. Енді мәселенің мәніне тереңірек тоқталайық. Қазір мемлекеттік қызметшілерді бір құжат үшін, атап айтқанда декларацияларды уақытылы тапсырмау, дәл уақытында тапсырмағаны үшін жұмыстан босататын болды. Бір қызығы, заң бойынша жұмысқа қабылданған, немқұрайдылыққа жол берген қызметкерлер жұмыста қалады да, тек «ескерту» алумен шектеледі. Ал осы қызметкерді қабылдаған басшы декларацияны уақытында тапсырмаған қызметкердің салғырттығы үшін үш жаза алады. Атап айтқанда, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, жұмыстан кетуі тиіс, сонымен қатар, 3 жыл мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігінен айырылады. Біз осындай кереғарлықпен бетпе-бет келіп отырмыз. Қарауымыздағы қызметкерлердің бейқамдығынан енді басшылар зардап шекпек. Сонда әділеттілік қайда? Біздің конституциялық құқық қайда? Осыған орай Президент пен құзырлы органдардан мәселені тексеруді және шешуді сұраймыз. Осындай жаза белгілеу әділеттілікке жатпайды. Осы жағдайларды саралай келе, заңдардың белгілі бір баптарын қайта қарауды және өзгерістер енгізуді сұраймыз. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға, ӘҚБтК-ге үлкен өзгеріс керек. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметші мәртебесі көзделмеген, мемлекеттік қызметшіні, оның ішінде 20 жылдан астам қызмет еткен мемлекеттік қызметшілерді қорғау жоқ. Әсіресе, ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабын келесі негіздер бойынша қолдануға келіспейміз: ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен біздер арасындағы еңбек қатынастары «Еңбек кодексімен» реттеледі. ҚР ЕК-нің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі көзделген. Бұл:

1) Қазақстан азаматының жеке куәлігі немесе паспорты.

2) білім туралы құжат;

3) еңбек қызметін растайтын құжат;

4) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. Азаматтық қызметке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа тұрған кезде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. Сондай-ақ, ҚР ЕК 26-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға тыйым салу мен шектеулер көзделген. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қабылдау және тағайындау кезінде осы құжаттардан басқа құжаттар сұратылмайды. Жоғарыда көрсетілген құжаттар мемлекеттік қызметтер тізбесіне кіреді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Азаматтық қызметшілерді (мемлекеттік қызметке теңестірілген), атап айтқанда басшыларды жұмысқа қабылдаған кезде құжаттар тізбесінде декларацияларды тапсыруы туралы анықтама көрсетілмеген. Бұл әрбір жеке және заңды тұлғаның тұрғылықты жері бойынша ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне өз бетінше тапсыруға міндетті жауапкершілігі деп санаймыз. Ал БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан бізге қатысты толтырылған хаттама дұрыс емес, біліксіз және өте сауатсыз жасалған. Өйткені, ӘҚБтК-нің 680-бабы 1-бөлігі осы заңнамада іс жүзінде жоқ. Осы жағдайды ескере отырып, жасалған хаттаманың заңдылығын қайта қарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жауапты қызметкерін жауапкершілікке тартқан жөн. Хаттамада іс жүргізу тілі бұзылған, хаттаманың бір бөлігі мемлекеттік тілде, бір бөлігі ресми тілде толтырылған. Шын мәнінде хаттамада дәйектелгендей біздің әрекетімізде сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің фактісі жоқ. Мемлекеттік қызметкердің декларацияны кешіктіріп тапсырғанынан мемлекетке белгілі бір залал келмейді. Бұл жерде жазаның елеусіздігі ескерілуі тиіс, тіпті, мемлекеттік қызметшілерге қатысты баптың өзі де қатаң жаза деп білеміз. Бұл біз үшін ең жоғары және қатал жаза. Қолданыстағы заңға және заң баптарына белгілі өзгерістер қажет, өйткені мұнда адамдардың тағдыры мен мансабы тұр. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұл бап мансаптық өсуге және жалпы мемлекеттік қызметтегі жұмысқа кедергі келтіреді. Басшы лауазымдарында жұмыс көлемінің үлкен болуына байланысты демалыссыз, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейміз. Біз кадрлық тексеруден өттік. Бұл мәселеде аталған құжатты уақытылы талап етпеген персоналдың кадрлық қызметінің де жауаптылығы бар. Мұндай жағдай мемлекеттік қызметшілердің өміріне, отбасына теріс әсер етуі мүмкін. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен басқа кірісі болмайды және әрқашан заңға бағынады. Біздің арамызда көпбалалы, жалғызбасты аналар, несиелері мен ипотекасы бар мемлекеттік қызметшілер бар. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің штат саны қысқартылды, тиісінше жүктеме 2 есеге артты, дегенмен, жалақыны көтергендері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің арамызда хаттамамен танысқан, бірақ әкімшілік айыппұл төлемеген әріптестер бар. Әкімшілік айыппұлдарды төлеген, бірақ оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері жаңылыстырған және мерзімінен бұрын хаттамаларға қол қойған әріптестер де бар. Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының жауапты, адал және заңға бағынатын азаматтары болғандықтан, олар мемлекет үшін белгілі бір құрбандықтарға әрқашан дайын, бірақ мемлекет, мемлекеттік қызмет тек жазалау әдістерімен айналыспай, өз қызметкерлерін қорғауға алуы керек және өзінің мемлекеттік қызметшілерінің мансабының жойылуына себепкер болмауы керек. Өз жауапкершілігінің өлшемі ретінде айыппұл төлегендер, хаттамамен танысқандар да бар, бірақ біздің арамызда хаттамаларға қол қоймаған және өз-өздерін қорғау үшін сотқа жүгінген адамдар да бар. Бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тарапынан «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның салдарын түсіндіру кезінде біздің құқықтарымыз бұзылған деп санаймыз. Бұл тек Батыс Қазақстан облысындағы жағдай. «Жаңа Қазақстан» идеясы басшылыққа алынып жатқан кезде, кешегі Ұлытаудағы құрылтай жиынында Президентіміз: «Жалпы, мемлекеттік қызметшілерді қолынан түк келмейді деп кемсітуді доғару керек. Тіпті, оларды «Халық жаулары» сияқты көретіндер бар. «Шенеунік» деген сөз жағымсыз ұғымға айналып барады. Бұл – дұрыс емес. Мемлекеттік қызметте адал әрі білікті кадрлар өте көп.

Олар Отанымыздың игілігі жолында тынбай еңбек етіп жүр. Мемлекеттік қызметкерлерді орынсыз кінәлай беруді доғару керек» деп айтқан кезде мемлекеттің іргетасын, мемлекеттілігін қалыптастыратын мемлекеттік қызметшілерді қателігі үшін емес, ешқандай зияны жоқ әрекеті үшін (лауазымға тағайындалған қызметкерлердің ар-ожданы таза болып тұрса) жаза тағайындау қателік деп санаймыз. Біз, мемлекеттік қызметте шамамен 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен мемлекеттік қызметшілер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жасалған заңсыздықпен келіспейміз. БҚО бойынша осындай жағдаймен 30-ға жуық мемлекеттік қызметші жауапқа тартылуда. Сіздерден әділдік күтеміз.

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілер

Олжас Бектенов су тасқынына қатысты тексерулер туралы айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады.

Алматы тауларында 20-дан аса заңсыз салынған ғимарат сүрілуі мүмкін

Алматы мәслихатының шешімі бойынша, 2022 жылы 15 градустан жоғары еңіс жерлерде құрылыс салуға тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл түзетулер қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген, онда тау бөктеріндегі 4270 гектардан аса жер рекреациялық аймақтарға ауыстырылуы тиіс.

Нүкенованың ағасы Салтанат Бишімбаевтан қанша рет кеткісі келгенін айтты

Прокурор Айтбек Амангелдіден Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаевты қанша рет тастап, қайтып келгенін біле ме деп сұрады.

Жел, найзағай және жаңбыр: Елімізде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 29 наурызда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.