12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ғалым МЫҢБАТЫРОВ, Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы, Судьялар одағы Орталық кеңесінің мүшесі: «ҚҰРМЕТТІҢ КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ»

– Қазақстандағы ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелер тізіміне ресми түрде енген Судья және сот қызметкерлері күнінің маңызы неде? Бұл мереке сала қызметкерлеріне не береді?

– Үкіметтің 2022 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен еліміздегі кәсіби мерекелер тізбесі жаңа күнмен толықты. Биылдан бастап 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні ретінде атап өтілмек. Кәсіби мерекенің бекітілуін сот саласында еңбек етіп жүрген әрбір жан асыға күтті. Сондықтан, мұндай атаулы сәттің мереке ретінде белгіленуі орынды.

«Еңбегіне қарай – құрмет» демекші, бұл конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін судьяларға, сот жүйесі қызметкерлеріне көрсетілген құрмет деп білеміз. Ендеше, мемлекет атынан төрелік ететін судья және сот қызметкерлерінің арнайы кәсіби мерекесінің белгіленуі бұл саланың беделін көтеріп, төрелік алаңына деген қызығушылықты арттырады.

– Жасыратыны жоқ, бізде әлі күнге дейін кәсіби тұрмақ, ұлттық мерекені атап өтудің арнайы тұжырымдамасы жасалған жоқ. Ал Қазақстан атынан сот төрелігін жүзеге асыратын билік органы өкілдері ретінде судьялардың кәсіби мерекесін атап өтудің тұжырымдамасын жасауға қоғамда қажеттілік бар ма?

– Еліміздің сот жүйесі үшін тәуелсіздік алған уақыттың әрбір кезеңі жаңа талапқа сай әділ сотты қалыптастыру жолындағы тынымсыз ізденістер, батыл бетбұрыстарға толы болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жұмысын бастаған сот жүйесі мен бүгінгі соттың жағдайы мүлдем салыстыруға келмейді. Заңдық, кәсіби біліктілік тұрғысынан ғана емес, сот саласы материалдық, әлеуметтік жақтан да анағұрлым артты. «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасын жүзеге асыру аясындағы сотқұқықтық жəне заң шығару реформаларының арқасында отандық сот жүйесін модернизациялау бағытында бірқатар маңызды қадам жасалды. Тиімді судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды артық жүктемеден арылту, соттардағы жұмыстың жаңа форматтарын енгізуге бағытталған жаңа заңдар қабылданды. Сондай-ақ, сот өміріне қажетті деген жаңашыл бастамалар қолға алынды. Бүгінде осы жаңашылдық игіліктерін бұқара халық көріп отыр. Судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту тұжырымдамасы да талай маңызды, пәрменді жобаларға негіз қалап, сот жүйесіне серпін беретіні айқын.

– Судья мәртебесін көтеріп, халықтың сот билігіне деген сенімін арттыру үшін қолданыстағы заңнамаға қандай өзгерістер мен толықтырулар қажет деп ойлайсыз?

– Судья және сот қызметкерлері жұмысының жүйесін нығайту, олардың мәртебесі мен материалдық жағдайын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізудің жаңа нысандарын енгізу, сот әкімшілігінің тиімділігін арттыру үшін қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Бұл өзгерістер судья және сот қызметкерлері жұмысының сапасын арттырып, халықтың үшінші билікке деген сенімін нығайтады.

– Судьяларды ынталандыру, еңбегін көрсету сот имиджін көтерудің басты тетігі. Осы бағытта арнайы шаралар өткізіп, сот жұмысын, судья еңбегін шынайы, көркем насихаттаған шығармаларға арнайы байқау ұйымдастыру ойларыңызда жоқ па?

– Ежелгі уақытта билер қақтығысты тек қысқаша сөзімен тоқтата алды, билердің әділеттілігінің түпкі мақсаты – тараптардың қарым-қатынасы қаншалықты күрделі және шиеленіскен болса да олардың татуласуы мен бітіміне қолжеткізілді. Судья және сот қызметкерлері жұмысының қазіргі заманғы форматы, азаматтық сот ісін жүргізуді оңтайландыру, цифрландыру бағытында арнайы шаралар өткізу арқылы билер сотының тарихи маңызын арттырды. Жалпы, сотқа деген талапты ғана өсіріп қоймай, жауаптылықты үздіксіз көтерген орынды. Дегенмен, жақсы нәтиже болуы үшін талаппен бірге мықты судья және сот қызметкерлері ұжымдарын көтермелеп, үздік судьяларды айқындаудың, оларды марапаттаудың да маңызы өте зор. Осы мақсатта өңірлік соттарда түрлі байқаулар ұйымдастырып, сот жұмысына қатысты жазылған шығарма авторларын ынталандыру бұрыннан бар. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғаса береді деп ойлаймын.

– Ой бөліскеніңізге рақмет!

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Тоқаев су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.