12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Солтүстік Қазақстанда жастар мен еңбекке жарамды халық азаюда

Солтүстік Қазақстанда жастар мен еңбекке қабілетті халық жылдам азайып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың бірінші тоқсанында келгендер саны кеткендер санының 69,6%-ін құрады. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында облысқа тек 2,9 мың адам көшіп келсе, 4 мыңнан астам адам кетті.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Солтүстік Қазақстан облысына келген балалар мен жасөспірімдерді кеткендерге шаққанда тек 30,3% болды. Яғни балалардың орны толмай қалды, айырмашылық –70%.

Өңірдің демографиялық көрсеткіштері де жоғары емес. Мұнда қартаю индексінің ең үлкен көрсеткіші – 100 балаға 62,9-ы құрайды. Яғни еліміздің солтүстік өңірінде 15 жасқа дейінгі 100 бала мен жасөспірімге 65 жастан асқан 63 қарт адамнан келеді.

Жалпы ел бойынша қарт адамдардың үлесі соңғы жылы азайды. 2021 жылы халықтың қартаю индексі 100 балаға 26,6-ға дейін төмендеді. Халықтың қартаю индексінің ең төменгі көрсеткіші Түркістан (100 балаға 12,7) және Маңғыстау (100 балаға 13) облыстарында байқалды.

Учреждением №2 ДУИС г.Астана был оформлен «Уголок мужества»

История ОВД хранит немало примеров отваги и мужества героев...

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде...

№11 мекемесінде қызмет етіп жүрген азамат — Мустафаев Анар Мехти-оглы

Қазақстан-көп ұлтты ел. Әрбір ұлтқа өз діни наным-сенімін ұстанып,...

Шағын футболдан жарыс

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...