12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Төртінші билік өкілдері тергеу изоляторында болып қайтты

Бүгінгідей ақпараттық заманда БАҚ-тың қоғамдық пікірге әсер ету және оны қалыптастыру мүмкіндігі айтарлықтай зор.

Міне, осы орайда, Қылмыстық атқару жүйесі жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп жүрген бір топ тішілер кәсіби мерекелерінде погондағылар тарапынан сый- құрметке ие болды.

Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашы маманы Д. Дастанованың ұйымдастыруымен төртінші билік өкілдері тергеу изоляторына барып қайтты.

28- маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күнінінен кейін ұйымдастырылған бұл кездесуге Республикалық « Заң» газетінің меншікті тілшісі Г.Мақажан мен «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Е.Қожас және Қоғам ТВ телеарнасының тілшісі Н.Қажытаева мен осы телеарнаның видео операторы Ғ.Қожақов,Ақмешіт апталығы газетінің тілшісі, А.Бітімбай мен Kyzylorda- news.kz. ақпарат агенттігінің тілшісі Д.Маханова арнайы шақыртумен келді.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тыныс-тіршілігі жайлы ақпараттық порталдар Polisia kz сайтының тілшісі А.Ғалымжанқызы мен Zanmedia сайтының тілшісі А.Ерболқызы онлайн түрде қатысты.

Кездесу барысында алдымен, ұйымдастырушы маман Д.Дастанова сөз алып, департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Ж. Әдіқайыровтың атынан БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ЗК-169/1 мекемесінің жаңадан тағайындалған бастығына келген тілшілерді таныстырды.

Одан соң, сөз алған тергеу изоляторының бастығы, әділет майоры Ілиясов Қайырбек Есентайұлы өзінің ішкі істер саласындағы қызметтік өмір жолы жайлы айтып берді.

Мекеме бастығы қылмыстық атқару саласының қиындығын айта отырып, ел тәуелсіздігін орнықтырумен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеке құрам қызметкерлерінің имидждік сыйпатын арттырудағы БАҚ тішілерінің салмағының ерекше екенін атап өтті.

Анығырақ айтар болсақ, әділет майоры өз сөзінде: Жабық мекеме болғандықтан, сырт ортаға пенитенциярлық жүйе жұмысын жариялауда сақтық пен білімділік керек.

Жаза мерзімін өтеп жатқандар және тергеудегілермен өткізілетін тәрбие жұмыстарынан бөлек, жеке құраммен атқарылатын іс-шаралар жайында сіздер жариялаған мақалалар арқылы қалың көпшілікке танылып отырмыз. Сондықтанда, осы байланысымызды алдағы уақытта да жалғастырып, бекіте түссейік. Жұмыстарыңызға творчествалық табыс тілеймін- деп, сөзін аяқтап, БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Тілшілер арасынан сөз алған Республикалық «Заң» газетінің меншікті тілшісі Г.Мақажан мекеме бастығының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта өздерінің әріптестерімен бірігіп, ҚАЖ қызметі жұмысы жайлы тың тақырытар жазатындықтарына сенімділік білдірді.

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...