12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтөбеде иесіз иттердің көзін жою басталды

Ақтөбеде 12 жастағы бала өлімінен соң мыңға жуық иесіз иттің көзі жойылды. Ветеринарлар бұралқылардан қауіптенген тұрғындардан өтініш көптеп түсіп жатқанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Қазір қала бойынша қанша иесіз иттің барын ешкім білмейді. Ол түгілі ауласында байлаулы тұрған хайуанына құжат рәсімдеп, тіркетіп жатқандар жоқтың қасы. Дегенмен ветеринарлар өтініш түссе, дереу сол маңды шолып шығып, бұралқыларды алдымен дәрімен ұйықтатады екен.

Қауіп расталса иесіз иттің көзі жойылады. Өйтпеске амалымыз жоқ дейді мамандар. Себебі осыдан тура жиырма күн бұрын 12 жастағы Мадияр есімді баланы бұралқылар талап өлтірген еді.

Осы оқиғадан соң ветеринарлық бекеттің телефонына тыным жоқ. Бәрін жаппай жансыздандырып жатқандарын мамандар жасырмайды. Ал ит-мысықты аулап бағатын жекеменшік жалғыз панажай бар. Оған тек 500 ге жуық төрт аяқты мақұлық сыяды.

“Қазір біздің ең басты жұмысыз азаматтардың өтініштері бойынша ғана шығып отырмыз немесе полиция қызметкерлерінің өтінішімен. Өткен жағдайдан кейін арыз-шағым көбейіп жатыр. Арыз-шағымның көбейгені себепті қазіргі өткендегі жағдайдан кейіннің өзінде 800-ге жуық иттің көзін жойдық, ұстап жансыздандырдық”, –дейді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Заңды өкіліне жасөспірімнің түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін айыппұл салынды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Алматылық қыз келіншектер тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы заңның күшейтілуін қолдады

Кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен...

Қызылордада мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына...

Яндекс Іздеу бүкіл әлемнің түрлі нүктесіндегі контентті қазақ тілінде қолжетімді етеді

Яндекс Іздеу қазақ тіліне нейрожелілік аудармасы бар ағылшын және...