12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Отырарда алты сотталған кітап оқыды

Түркістан облысы Отырар аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қырық сегіз сотталған аудандық кітапханаға тіркеліп, қызықты кітаптарды оқуға кірісті.
Үстіміздегі жылдың өткен айында Отырар аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен аудандық орталық кітапхана мамандары Гүлдана Абзейтова бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды кітапханаға тіркеген болатын. Аудандық пробация қызметінің инспекторы енді әр ай сайын 5-6 сотталғанды кітапханаға алып келіп, өздеріне ұнаған кітаптарын оқуына мүмкіндік береді.

Аудандық кітапханадан әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды, поэмаларды, тарихи және психологиялық кітаптарды оқуға болады. сотталғандар арасында кітап оқуға ниет білдіретіндердің саны күн санап артып келеді.

Орталық кітапхана қоры қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, кітапхана сөресі тарихи кітаптармен де толықтырылған. Сонымен қатар, кітапхана мамандарды пробация есебінде тұрған азаматтарға қызықты кітаптардың тізімімен де таныстырды. Мәселен, «Таныс болыңыз, жаңа кітаптар», «Кітап-ақылына ақы сұрамайды» атты әдебиеттердің үсыныстық тізімі ұсынылған. Ал, кәсіпке, өнерге бейім азаматтар үшін ақпарат беру мақсатында «Сен қоғамға керексің», «Еңбек бәрін жеңбек», «Өз кәсібіңді бастағың келсе» және тағы да басқа тақырыптағы кеңес беру жұмыстары да жүргізілді, — деді аудандық кітапхана маманы Гүлдана Абзейтов.
Кітапхана маманы пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды кітапқа деген қызығушылығын көріп қуанғанын жасырмады.

– Пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтардың бойындағы әрқилы қабілеттеріне орай бағыт-бағдар беру, ақпаратпен алмасу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық кітапханаға кітап оқуға алып келіп тұрамыз. Кітаптар біздің заманымызда сирек кездеседі. Бүгінгі жастар электронды кітаптар мен ақпараттық порталдарды оқиды. Өкінішке орай, кітаптар екінші орынға түсіп қалды. Бірақ, олар оқырманның сөздік қоры мен ішкі әлемін толықтыруға көмектесетінін түсіну керек. Біздің университеттің берген кітаптары жазасын өтеушілер арасында жоғары сұранысқа ие болады деп сенеміз. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал, сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Кітап оқудың артында көптеген адамдар ішкі әлемінде ие болады және сөздік қорын толықтырады. Себебі, қателік жасап жазаға тартылған адамдар әсіресе рухани байытуға мұқтаж, — деді Отырар аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Кәрім Тұрсынбай.

Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» дегендей, шынында да бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандар үшін, кітап оқу уақыт өткізу көзі ғана емес, өз-өздерін қайта тәрбиелеудегі таптырмас құрал болып табылады.

Қайсар есімді сотталған осы күнге дейін 20 кітап оқып шығыпты. Ал, жыл басынан бері әртүрлі жанрдағы 5 кітапты оқыған. Қазіргі таңда ол орыс тілінде жазылған шығармаларды да оқуға кіріскен екен. Болашақта ағылшын, түрік, қытай тілдерін үйренуді жоспарлап жүргенін де айтып өтті.

–Мен қателікке бой алдырып, қылмыс жасағаныма өкінемін. Өзім кітап оқығанды бұрыннан ұнатамын. Менің соңғы оқыған кітабым, Әзілхан Нұршайховтың «Ақиқат пен аңыз» атты шығармасы. Бұл кітапта Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы мүсінделеді. Батыр атамыздың сонау жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы бейнесі бейнеленген. Сондай-ақ, маған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабы да қатты ұнайды. Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Шаханов және тағы да басқа жазушыларымыздың шығармаларын оқыдым. Енді кітапханаға келіп психологиялық және өз кәсібіңді ашудың жолдары жайында жазылған кітаптарды оқысам деп отырмын.

Бізді қоғамнан шеттпей түзелу жолына түсу үшін жағдайымызды жасап отырған Мемлекет басшысына және Отырар аудандық пробация қызметіне алғысым шексіз, — деп өзінің оқыған кітаптары жайлы бөлісті.
Осы тұста Ғабит Мүсіреповтің, «кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген сөзі еске түседі. Әрине, бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандар кітаптан алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіне жарата білсе. Пробация есебіне бір жарым жыл бұрын алынған Қайсардың кітап оқи отырып, оның рухани дүниесінің өскендігін байқауға болады.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...