12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЕҢБЕГІМЕН ЕР СЫЙЛЫ

Біз Қазақ мемлекетінің ел болып, еңсе көтергеннен бері құқықтық тәртіп пен дала заңына бағынып, белгілі бір шектеулерді сақтай отырып, өмір сүріп келе жатқанын білеміз. Дала заңдарының үлгісін қалыптастырып, кесімін айтқан би-шешендер бір-бірінен үйреніп, тәжірибе бөлісіп, әр кезеңдегі мемлекеттік құрылымдық жүйеге қарай дамып отырған. Ұлан-ғайыр даланың әр аймағында өз төрешілері болған.

Көне заңдар ережесі мен билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Одан кейін «ескіліктің қалдығы» есебінде ұлттық, мемлекеттік маңызын жойды. 1922 жылы Советтік Социалистік Республикалар Одағы құрылып, сот, заң шығару орындары, басқару билігі одақтық саясат негізіне сай қайта жүйеленді. Бұрынғы билер сотының орнына жергілікті жерлерде халық соттары құрылды. Судьялар енді ресми түрде, заң аясында 3 не 5 жыл мерзімдерге сайланатын болды.

Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып танылды. 1924 жылы қазіргі Қазақстан территориясында Ақмола, Семей, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орынбор, Орал губерниясы және Адай уезі болған. Әр аймақтың өз соты болды. Адай уездік соты губерниялық сот дәрежесінде жұмыс жасады. Бұл қазіргі Маңғыстау облыстық сотының түпкі негізі деуге болады. Маңғыстау сотының тарихы Ақтау қалалық сотынан басталады. 1961 жылы Ақтау кенті құрылды, кейін ол қалаға айналды. 1964 жылдан 1991 жылға дейін Шевченко қаласы деп аталды. 1966 жылы алғаш рет Шевченко қалалық халық соты құрылды. Оның төрағасы болып Б.Екібаев сайланды. Одан кейін О.Шахиев төрағалық етті. Оның тұсында күрделі сот реформасы жүргізілді. Яғни 1970 жылы Одақ бойынша Әділет министрлігі құрылды. Сөйтіп, Қазақ ССР Жоғарғы Сотындағы облыстық, аудандық халық соттарының штаттық кестесі, нотариалдық кеңсе, оларды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі, жасау-жабдықтары, өзге де материалдық құнды заттары мен құжаттар Әділет министрлігіне берілді. Қазақстанның бұдан кейінгі сот құрылымы 1990 жылға дейін бірыңғай жүйеде дамып отырды.

Ақтау қалалық сотын 1979-1983 жылдары А.Хаймович, 1983-1990 жылдары Ю.Кузнецов, 1991-1992 жылдары Н.Спиридоновалар басқарды. 1992-2002 жылдары төрағалық еткен Марат Сабырбаевтың тұсында сот билігінде үлкен қиындықтар орын алды. Сол кездегі төрағалық қызметін еске алғанда, Марат Қалмұратұлы жекеменшік компаниялардың жарамсыз деп шығарып тастаған компьютерлерін соттарға алып келіп қолданғандарын, материалдық-техникалық жабдықтардың, сот ғимараттарының жетіспеушілігі секілді проблемаларды бастан өткергендерін айтады. Одан кейін 2002-2007 жылдары Ә.Ж. Шығамбаев, 2007-2010 жылдары А.Нағашыбаев, 2011-2016 жылдары М.Әубәкіров, 2016-2019 жылдары М.Кенжалиев сот төрағасы болып қызмет атқарды. Ақтау қалалық соты 1974 жылдан бері бір ғимаратта өз жұмысын үздіксіз атқарып келеді. 1986-1988 жылдары Ақтау қалалық соты кеңсесі республикалық соттар кеңселері арасындағы байқауда бірінші орын алып, ҚазССР Әділет министрлігінің Құрмет грамотасына ие болған, талай мәрте мақтау қағаздарымен марапатталған. 2014 жылы да республика бойынша аудандық, қалалық соттар ішінде «Үздік сот» аталымы бойынша 3-орынды иеленді. Сот-құқықтық реформаның шегінде 2007 жылдан бастап экономика және құқық салаларына тиісті істерді едәуір сапалы қарауға бағдарланған мамандандырылған соттар құрыла бастады. Осыған байланысты Ақтау қалалық соты 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық істерді қарайтын сот болып белгіленді. Содан бері бұл сотта қылмыстық істердің жілігін шағып, майын ішкен майталман судьялар базасы қалыптасты. Олардың қатарында бүгінде осы соттан құрметті демалысқа шыққан Галина Айжарықова, Бердібек Мырзабеков, Аралбай Нағашыбаев, Марет Ковраева секілді ардагер судьялар мен облыстық соттың судьялары Мұрат Әубәкіров, Сәуле Өмірболатовалар бар. Бүгінде қалалық сотта 10-ға тарта судья және 30-дан астам сот қызметкерлері жұмыс істейді. Сот жұмысындағы құжаттамалық айналымды уақытылы және жаңа үлгіде бекітілген технологияда жүргізу мақсатында 2008 жылы Ақтау қалалық сотында «Қазақстан Республикасының сот органдарында бірыңғайланған ақпараттық аналитикалық талдау жүйесі» бағдарламасы орнатылды. Ал, 2014 жылдан бастап соттар «Төрелік» бағдарламасымен жұмыс жасауға кірісті. Аталған бағдарлама кіріс, шығыс және ішкі айналымдағы құжаттардың электронды түрде жүргізілуін, сот іс қағаздарын, яғни, сот істерін электронды түрде тіркеп, сот актісі қабылданғанша есепке алып отыруды қарастырады. «Төрелік» бағдарламасы сот жұмысын әлдеқайда жеңілдетті. «Сот кабинеті» сервисі істерге қатысты барлық құжаттарды қашықтан тапсыруға мүмкіндік берді. Қылмыстық істер тікелей адам тағдырына қатысты болғандықтан, мұндай істерді қарауда ар мен адам алдындағы жауапкершілік те, сын да жоғары болады. Ақтау қалалық сотының тәжірибесінде небір ауыр істер болды. Мысалы, 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасына қатысты бірнеше іс Ақтау қалалық сотында қаралды. Оның ішінде 37 тұлғаға қатысты 94 томдық ең үлкен іс халықаралық бақылаушы лардың, көптеген БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Былтырдан бері жүздеген жәбірленушілердің қатысуымен алаяқтар тобына қатысты том-том істер қаралып жатыр. Қоғамның үлкен қызығушылығын тудырған мұндай істерді көпшіліктің назарында қарау – судьяға үлкен сын. Десе де, ешқашан қалалық соттың судьялары мұндай сыннан мүдірген емес. Құқықтық нормалардың қолданылуы мен құқықтық қатынастардың реттелуі әр кезеңде өзіндік қиындықтар мен жаңғыртуларға ұшырап отырады. Өткен ғасырда сот билігі патша заманындағы империя мүддесін қорғаған заңдылықты, қызыл большевиктер кезіндегі қанқұйлы «үштік» соттар билігін, Ұлы Отан соғысы тұсындағы «соғыс жағдайында» төрелік етуді басынан өткізді. Ал, кешегі пандемия жағдайында қаншама әріптестеріміз өмірден өтіп, соттардың есігі жабылғанымен, барлық процестер уақытында онлайн режимде жүріп жатты.

Бұл – ашықтық пен жариялылықты талап еткен цифрландыру жүйесінің жетістігі. Жалпы, тәуелсіздік алғалы бері сот төрелігін басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту, жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізу, болмашы мәселелер бойынша дауларды соттардан тыс шешу секілді өзгерістер бірінен соң бірі енгізілуде. Талап пен тәртіп те күшейіп келеді. Сот ісін жүргізуді одан әрі модернизациялау мен оңтайландыру, сот төрелігі мен сот әкімгерлігі мәселелерінің жігін ажырату, судьялар корпусының кәсіптік деңгейін арттыру бойынша шаралар тоқтаған емес. Осының бәрін бір жұдырық боп жұмылған Ақтау қалалық сотының ұжымы ретімен еңсеріп келеді. «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік» деген екен дана халқымыз. Бүгінгі судьяларымыздың арасында да осындай төрт талапқа лайық әріптестеріміздің бар екені анық. Олардың көне билер жолын жалғастырып, қарапайым халықтың мүддесін қорғауда әділдіктің биік шыңдарынан көріне алатыны да бек мүмкін.

Бауыржан ШАЙДУЛЛИН, Ақтау қалалық сотының төрағасы

Тоқаев су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.