12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Соталған нәзік жандарға арналған екі таңдау бір бағыт

Жуырда Түркістан қалалық пробация қызметі және қала әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған әйел азаматшаларына «Екі таңдау бір бағыт» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараның мақсаты, жаза басып қателікке бой алдырған нәзік жандылардың қоғамда өз орындар табуына мүмкіндік беру болып табылады. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге Түркістан қаласының әжелер алқасының құрметті азаматшасы Ырыс Искендірқызы, қалалық Аналар және әйелдер алқасының мүшесі Айғаным Серімқызы, Түркістан облыстық «Шұғыла таңы» қайрымдылық қорының төрайымы Дана Сыдыққызы, Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Ақмарал Сейтжанқызы, қалалық пробация бөлімінің инспекторы әділет капитаны Мадина Асқарқызы, инспектор психолог әділет аға лейтенанты Ақмарал Ұлықбекқызы, қалалық Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназиязының психологі Шарикуль Ерназарова, қалалық Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының психологы Алия Базарбайқызы және Жастар орталығының психологтары қатасты.
Түркістан қаласының әжелер алқасының құрметті азаматшасы Ырыс Искендірқызы қиын-қыстау заманда басынан өткерген қиындықтарымен бөлісіп, жазаға тартылған азаматшаларға әжелік ақыл-кеңесін де берді.

Мен екі жастан асып, енді қадам басып жүрген кезімде сұрапыл соғыс басталды. Ер-азаматтар майданға аттанып, бар ауыртпалық қыз-келіншек, бала-шаға, кемпір-шалға түсті. Сол кезде әкенің аялы алақаны мен ананың мейіріне қанып үлгермедім. Таң бозарып атқанан қырманға жөнелетін анама еркелеуді де білмедім. Еңбектеп етек жиғанымда, мен жеті жаста едім. Бірақ, алыстағы майдан даласынан жеткен жеңіс хабары жетсе де, бірі асқар таудай әкесінен, бірі маңдайға біткен жалғыз ұлынан, енді бірі жастай қосылған жарынан айрылып, қазалы қасіреттің қамытын киген ауылдың жағдайы әлі де ауыр еді. Соғыстың кесірінен тойынып ас ішіп, бүтін киім киюді ұмытқан ауыл адамдарының ес жиып, еңсесін көтеруі оңайға соқпады. Сондықтан болар мен өз қатарластарымен бірге мектеп табалдырығын аттап, әліпбидің бетін аша алмадым. Тек 1948 жылы ғана Түркістан қаласындағы М.Мәметова атындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына бардым. 1956 жылы 7 сыныпты бітірген соң Никитин атындағы орта мектепте оқуымды жалғастырдым. Осы мектептің 8-ші сыныбын аяқтаған кезде тұрмысқа шықтым. Бірақ, мен оқуымды тастамай, кешкі мектепке ауысып, орта білім алып шықтым. Қолыма құжатымды алғанан кейін 1962 жылы Түркістан аудандық тұтынушылар одағында есепшінің көмекшісі болып жұмысқа орналастым. 1973 жылы жоғарғы оқу орнында сырттай білім алдым. Міне, біздің балалық шағымыз осылай өтті. Қазіргі жастар бақытты. Әкекнің мейрімін, ананың аялы алақанында еркелеп өсіп келеді. Еліміздің бейбіт күндерін бағалап, әрдайым жақсы адам болуға ұмтылыңдар қарақтарым», — дееді Ырыс әжей.

Жаза басып жаңылған азаматшалар қалалық пробация қызметінің тарапынан да әртүрлі көмек алуда. Олар пробациялық бақылауға алынған күннен бастап, отбасылық тұрмыс-жағдайы мен мұқтаждығы бойынша өтіштер қабылданады.

Пробация есебінде тұрған әйелдерді қаламыздағы үлгілі әже, аналарымыздың және психолог мамандарының кеңесін тыңдап, осы кісіден үлгі алсын деген мақсатпен алып келдік. Әсіресе Ырыс әжей қашанда өзгелердің мүддесін қорғап, қамқорлық танытып жүреді. Ол кісі «Сауда кооперациясының үздігі» атты төс белгісімен, «Еңбек ардагері», «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» медальдар мен грамота, алғыс хаттармен марапатталған. Ырыс әжей зейнетке шықса да қарап отырмай өзінің қолынан шыққан бұйымдарын шәкірттеріне үйретуде. Түркістан облысында өткен көрмелерде ол кісінің еңбектері бағаланып келеді. Заманның небір зауалын көріп, ауыр күндерді басынан өткерсе де, мойымай, қасиетті өнерді бүгінге жеткізіп, жастарға білгенін үйретіп жүрген әжемізден пробация есебінде тұрған азамашлара бата алып, түзелу жолына түссе екен, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспектор-психологі әділет лейтенанты Ақмарал Бекбай.

Әрине, тағдырдың тауқыметіне немес басына түскен қиындыққа төтеп бере алмай жүрген жастарымыз қаншама. Десек те, сұрапыл соғыстың, қан майданның арасында жүрген ата-әжелеріміздің басынан өткерген ауыртпалығының қасында жастардың мәселесі еркелік емес пе?! Снаға ой салатын әңгемеден ой түйген сотты болған азаматшалар өз ойларын білдірді.

Мен төр баланың анасымын. Өмірімнің жалғасы балаларымның болашағын ойламай, ашуға бой алдырғаныма қатты өкінемін. Қазақта «ашу дұшпан, ақыл дос» деп бекер айтылмаған екен. Әжейдің сөзіне қарағанда қол өнер жас талғамайды. Себебі, көздің жауын алатын заттарды әжемізден үйренсем деген ой келді. Әрине, Ырыс әжеміз өзінің білгенін үйрететін айтты. Алдағы уақытта әжемізден дәріс аламын. Жасаған қателігіме өкінемін. Ырыс әжей секілді өзімнің кәсібімді ашсам деймін, — деді пробация есебінде тұрған Айжан.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...