12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде алдағы күндері ауа райы 45 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, күндіз 23-24 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде, күндіз 25 маусымда батысы мен оңтүстігінде күн 40 градусқа дейін ысиды.

Күндіз 24-25 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде күн 45 градусқа дейін ысиды.

Күндіз 25-27 маусымда Түркістан облысының шөлді аудандарында 45 градус ыстық болады. Күндіз 25-27 маусым аралығында Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде 43 градус ыстық болады.

Күндіз 26-27 маусымда Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында 40 градус ыстық.

22 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Оралда 22 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. 22 маусымда түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с болады.

Көкшетауда таңертең және күндіз 22 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 22 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с.

Ақтөбеде түнде және таңертең 22 маусымда найзағай ойнайды. 22 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус ыстық болады. 22 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. 22 маусымда күндіз Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 36 градус ыстық болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.

Талдықорғанда 22 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық болады. 22 маусымда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда 22 маусымда түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с. 22 маусымда күндіз

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 22 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 22 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. 22 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус ыстық сақталады. 22 маусымда Қарағандыда күндіз жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с.

Жезқазғанда күндіз 22 маусымда 36-38 градус ыстық болады. 22-23 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 22 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с, 23 маусымда облыстың шығысында екпіні 25 м/с.

Петропавлда күндіз 22, түнде 23 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 22 маусымда екпіні 23-28 м/с.

23 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Күндіз 22 маусымда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда, 23 маусымда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 22, тәулік бойы 23 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с.

Таразда 23 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз 22 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда бір күнде 15 сатталған азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Түркістан қаласында пробация қызметі есебінде тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі, субсидияланатын...

ҚазҰУ-да баспагерлік – редакторлық орталық ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде жазушы, фольклоршы,...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жалғасуда

           Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның...

Мемлекеттік тілді білу – міндет

Мемлекеттік тілдің әлі күнге дейін өзекті мәселелер қатарынан түспей...

В области Ұлытау планируется посадить 18 миллионов деревьев

В Караагашском лесничестве Жанааркинского района области Ұлытау до 2025...