12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН АЛАҢ

Мемлекет басшысының Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың І отырысында көтерген ең бірінші мәселе – Қазақстан Республикасының атауына қатысты болды. «Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар», – деген Қ.Тоқаев 30 жыл ішінде қол қойылған халықаралық келісімшарттар мен бекітілген мемлекеттік шекараны еске түсіріп, осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді деп өз өз ойын білдірді. ҚР Президентінің пайымдауынша, бұл – ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар маңызды мәселе.

«Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана билік әрекет етсе, бұл, әрине, жеткіліксіз. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз. Сол себепті, мен жолдауымда Ұлттық құрылтай шақыру туралы бастама көтердім. Құрылтай шақыру ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген» деген ҚР Президентінің Ұлттық құрылтайдың төрағасы ретінде айтқан сөзі Қазақстан Республикасының атауына қатысты дауға әзірге нүкте қойғандай болғанымен, ол болашақта қайта қозғалмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Өйткені, «Біз ұлтты ұйыстыратын парасатты, тың идеялар мен ұсыныстарға айрықша мән беруіміз қажет. Бұл – Ұлттық құрылтайдың ең басты міндеті» деген Мемлекет басшысы Құрылтайдың алдында тұрған бірінші бағыт ретінде атаған «Жалпыұлттық бірлікті нығайтудың» басты мақсаты – демократия дәстүрі жетілген, мықты азаматтық қоғам құру. Яғни, ҚР Тұңғыш Президентінің «Мемлекеттілігіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің халықтың мойнында» дегендей ата-бабамыздан мирас болып қалған ел мен жерде мемлекеттілігімізді қайта жаңғыртқан ұлт ретінде Қазақстан Республикасының Қазақ Республикасы атануын халықтың басым бөлігін құрайтындықтан қазақ ұлтының талап ету құқы демократия дәстүріне қайшы емес. Сондай-ақ, «Реформалардың мән-маңызын халыққа түсіндіру», «Жаңа технологиялар арқылы халықты ауқымды реформаларға қатыстыру» деп аталатын өзге екі бағытта да оған кедергі болатын нәрсе жоқ. «Құрылтай – белгілі бір адамдар ғана бас қосатын жер емес.

Ол, шын мәнінде, жалпыұлттық жиынға айналуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Біз Жаңа цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалануымыз қажет. Сонда мемлекет пен халықтың қарым-қатынасы барынша тиімді болмақ. Мен Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынамын. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады. Жұрт реформаның нақты пайдасын көруі қажет. Сондай-ақ, оған тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы керек. Азаматтар өзекті мәселелер бойынша интерактивті сауалнамаға қатысады. Кез келген түйткілді шешу жолын ұсынып, елімізді жаңғыртуға өз үлесін қоса алады» деу арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы цифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформа туралы тектен-тек айтпағаны анық.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...