12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТҰРҒЫНДАР ҚАЛА ӘКІМІНЕ ӨКПЕЛІ

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтікэкономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет» деген еді. Ал шынайы өмірде Президент сөзін елемейтін мемлекеттік құрылымдар көп. Алматы қаласы Бостандық ауданының Жароков көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй иелерінің сөзіне қарағанда, олар бірнеше жылдан бері қала әкіміне жолдаған шағымдарына жауап ала алмай жүр.

Бізге көмек сұрап хабарласқан тұрғындар көшедегі құжатсыз салынған кеңсеге келетіндердің көліктері кептеліс тудырып, өз үйлеріне кіріп-шығудың мұң болғанын жеткізді. Бұл жағдайдан атқарушы билік өкілдері де құлағдар. Көшеде жол-көлік оқиғасы жиі орын алатындықтан, мемлекеттік авто инспекция қызметіне жүгінетіндер өте көп. Өкінішке қарай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті аудандық, қалалық әкімдіктер мен өзге де мемлекеттік органдар шешім қабылдауға келгенде салғырттық көрсетуде. Көшеде Алматы қаласы тұрғындарының 30 пайызын ауыз сумен қамтамасыз етіп тұрған қалалық су құбыры мекемесінің стратегиялық маңызы бар нысаны орналасқан. Кептелістен олардың құтқару қызметі көліктерінің жүріп-тұруы да қиындаған. Олар өз тарапынан қала әкімдігіне соңғы 1 жылдың ішінде екі рет мәселені шешуді сұрап, ресми хат жолдағанымен, әлі күнге дейін бірде-бір жауап ала алмаған. Біз жағдаймен танысу үшін кеңсе ғимаратына бас сұққанбыз. Өзін кеңсе әкімшісі деп таныстырған азамат, бізде бәрі заңды. Көшеге кейбір қызметкерлеріміз бен кеңсеге келген өзге де адамдар көліктерін қояды. Көше ешкімнің меншігі емес, кім көлік қоям десе де өз еркі дегенді айтты. Бұл туралы тұрғындардың пікірін сұраған едік, олар бәріне кеңсе ғимаратының иесі кінәлі дегенді алға тартты. – Мен бұл жерде 2005 жылдан бері тұрамын. Біздің көшедегі жүріп-тұрысымыз 2019 жылы осында кеңсе ғимараты салына бастағаннан қиындады. Жер негізі жеке сектор ғой. 2 қабатты үйдің орнына кеңсе сала бастағанда біз нысанды салып жатқандардан «арнайы автотұрағы бола ма» – деп сұрағанбыз. Бәрі болады, уайымдамаңыздар деп уәде берген. Алайда, бірнеше жылдан соң көшеден көлікпен жүрмек тұрмақ, үйге кіре алмайтын жағдайға жеттік. Кеңсеге келіп-кететін көліктер жолды жауып қалатындықтан бұл жерде екі күннің бірінде авария болып, МАИ шақырамыз. Қала әкімі Б.Сағынтаев боп тұрғанда өз басым 3 рет, ал Е.Досаев әкім болғалы бері 2 рет жағдайды айтып, хат жаздым. Осы күнге дейін бір де біріне жауап алған жоқпын. Қалалық сәулет басқармасына да шағым жазғам, ол жерден «кеңсе ғимараты тіркелмеген құрылыс» деген қағаз алдық. Әне-міне тексеріп қараймыз дегелі бірнеше ай болды. Олардан да әлі жауап жоқ, – дейді өзін Бауыржан Ибраев деп таныстырған азамат. Оның айтуынша, көшенің астында қалалық су құбыры мекемесінің құбырлары жатыр. Тозығы жеткен ескі құбырлар жиі жарылады. Сондықтан құтқару қызметін шақырып, үйінің алдындағы көшенің опырылған жерін бірнеше рет жеке қаржысына жасатып, арнайы белгі орнатып, үстіне көлік қойдырмауға мәжбүр болған. Кезінде көшедегі асфальтты да тұрғындар қаржы жинап, өздері төсеткен екен. Көше ешкімнің жекеменшігіне жатпағанымен, оның жағдайы әкімшіліктің қадағалауында болуы тиіс қой. Көліктердің көшеден еркін жүріп-тұруына жағдай жасау үшін арнайы сызық жүргізу жеке азаматтардың емес, құзырлы мекемелердің рұқсатымен жүзеге асатын шаруа. «Бұл көшеде өздігінен жүре алмайтын қарт кісілер де бар. Жедел жәрдем көлігін шақырсақ кіре алмайды. Сондықтан кейде бір адам алдынан шығып, көшедегі көліктерден жол ашпаса, олар да келмейді. Осы жерде тұрып жатқаныма 20 жылдан асты. Біздің көшедегі кептеліс бұрыштағы алғашқы кеңсе ғимараты салынған соң басталды. Енді мұнда тағы бір кеңсе салып жатыр. Ол ашылса жағдайымыз не боларын білмеймін. Мұнда такси шақыру да қиын. Өйткені, көлік тұрмақ, жаяу адамның жүруі қиындап кетеді кей кезде. Тіпті, жаяу жүргіншілерге жол бермей, ұрсысатын көлік жүргізушілері де бар», – деген зейнеткер Фатима Саубосынова Мемлекет басшысы айтып жүрген «Еститін үкіметтің» шарапатын көру үшін тағы қанша жыл күтуіміз керек деп өзімізден сұрады. Біз енді бұл сұрақтың жауабын қала әкімі Ерболат Досаев мырзадан күтеміз.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Неге алматылық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін таққанды ұнатпайды? Полиция статистикасы

Көптеген басқа қаладағы сияқты Алматыда да жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққысы келмеу үрдісі сақталған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.