12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтау қаласын көбелектер мен қызыл қоңыздар басты

Ақтауды қанаттылар санатына жататын көбелек пен қызыл қоңыз басты. Жәндкітердің күрт көбеюі тұрғындарды алаңдатып отыр. Өйткені олар жасыл-желекті жеп тастауы мүмкін деп дабыл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алайда биологтар мөлшерден тыс көбейген көбелек пен қанқызының ешкімге зияны жоқ дейді. Жауын-шашын көп түскен кезде мұндай құбылыс болып тұрады екен. Тіпті «Данаида монарх» деп аталатын көбелек көшпелі қанаттылар санатына жатады. Сондықтан қазір олардың  бір елден екінші елге  миграциялау кезеңі дейді мамандар. Ал қызыл қоңыз ұсақ шіркейлермен қоректену үшін шыққан дейді мамандар. 

«Мұның ешқандай зияны жоқ. Қоректенетін асы люцерн, сиреннің шырынымен қоректенеді. Бұл қазіргі уақытта Түркіменстан арқылы Қазақстанға келіп, Қазақстан арқылы Өзбекстанға бара жатқан көбелектердің түрі. Мұның ешқандай зияны жоқ. Жыл құстары сияқты бұлар да миграцияланып отырады. Мұндай миграцияланатын 12 түрлі көбелек болса, соның 4-еуі Қазақстан арқылы өтеді. Ал қызыл қоңыздар жыртқыштар санатына жатады. Олар ұсақ шіркейлер, бит және сымырмен қоректенеді. Ақтауда ұсақ шіркейлер көп. Олар – біздің кішкентай достарымыз», – деді Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің кафедра меңгерушісі Ләтипа Қожамжарова

Мемлекеттік тілді білу – міндет

Мемлекеттік тілдің әлі күнге дейін өзекті мәселелер қатарынан түспей...

В области Ұлытау планируется посадить 18 миллионов деревьев

В Караагашском лесничестве Жанааркинского района области Ұлытау до 2025...

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін...

Келес аудандық пробация қызметкерлері сотталғандарға азық-түлік таратты

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты...

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома    

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...