12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кентауда 10 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Кентау қалалық прообация қызметі мен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен қалалық пробация қызметі бөлімінің есебiнде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотты болған азаматтарды жұмысқа орналастырды.

Жұмыссыздақтың салдары адамдарды көбінесе қылмысқа итермелейтіні белгілі. Осы орайда Түркістан облысы бойынша Кентау қалалық Пробация қызметі есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар саны он пайызға азайды.

Атап айтар болсақ, Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып келеді. Мәселен, Кентау Пробация қызметі он сотталғанды тұрақты жұмысқа орналастырды. Ал, осы он сотталғанның 3-і тұрақты жұмысқа ораналасты. Атап өтер болсақ, 1 сотталған азамат — «Кентау-Сервис» МКК-на слесарь маманды бойынша, «Жасыл қала» ЖШС-на 1 сотталған қарауыл, екінші сотталған жұмысшы болып жұмысқа орналасты. Бір сотталған жеке меншік мекемесіне слесарь маманына жұмысқа қабылданды. Бес сотталған азамат уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты, бір сотталған азамат Жастар практикасы, 1 сотталған Алғашқы жұмыс орны бойынша жұмысқа орналастырылды.

Біз қазіргі таңда Кентау қалалық пробация қызметімен бірлесіп, сотталған азаматтарды квота бойынша жұмысқар орналастырудамыз. Оның ішінде 5 сотталған азамат «Уақытша ақылы қоғамдық» жұмысқа орналасты, оларға мемлекет тарапынан айына 66 000 теңге көлемінде жалақы төленіп отырады. Ал, «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орнына» 2 азам жұмысқа орналастырылды. Мемлекет тарапынан оларға айына 30 МРП төленеді. Сондай-ақ, олар 1 жыл Жұмыспен қамту орталығының жіберген мекемесінде жұмыс жасап, отбасына көмектесуге мүмкіндігі бар. Егер, жұмысшы сол мекеменің талабына сай болса, мекеме басшылығы тұрақты жұмысқа қабылдай алады, — деді Кентау қалалық Жұмыспен қамту орталығының маманы Ұлжалғас Белдіғараева.

Пробация қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегі азайып, оң нәтиже көрсетір отыр.

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету — халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Жаза басып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталған азаматтар үшiн бұл — үлкен мүмкіндік. Сол себепті пробация қызметiнiң қызметкерлері бұл шараға аудандағы кәсіпкерлер, жұмыс берушi мекеме басшылары болашақта да белсендi қатысады деген сенімде, — деді Кентау қалалық пробация қызметi бөлімінің бастығы әділет әділет майоры Атабек Исаев.
Жаза басып қателікке бой алдырған сотталған азаматтар жұмысқа орналасып, «Екі қолға бір күрек» деп өздерінің ісін бастап та кетті. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға дән риза болған сотталған азаматтар да бар.

Әрине, өзімнің жасаған қателігім үшін қатты қысыламын. Өзім жіберген қателігімнен сабақ алдым. Алдағы уақытта жұмыс жасап ата-анама көмектескім келеді. Маған жұмыс тауып беріп, жұмысқа орналастырып, қоғамға бейімделуіме көп көмегін тигізген Кентау қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне және қалалық Жұмыспен қамту орталығына алғысымды айтамын, — деді сотталған Бағдат есімді азамат.

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...