12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот актілерінің орындалуы және сотпен қадағалануы

         Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) маңызды  қағидаттарының бірі сот актілерінің міндеттілігі. Бірінші сатыдағы сот әкімшілік істер бойынша сот актілерін шешімдер және ұйғарымдар нысанында қабылдайды.

         Заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, жеке тұлғалар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.     

         Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде сот орындау үшін жауапкерге жібереді.

       Жауапкер әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, ол туралы сотқа хабарлауға тиіс.

      Егер соттың шешімінде белгіленген мерзімде ол ерікті түрде орындалмаған жағдайда, бірінші сатыдағы сот ӘРПК-нің 127-бабында белгіленген мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолданады.

       Соттың шешімін, ақшалай өндіріп алу туралы соттың ұйғарымын орындамау даусыз тәртіппен  қайталап ақшалай өндіріп алуға алып келеді.

         Сот әкімшілік процеске қатысушылардың негізді өтінішхаты бойынша, сондай-ақ өз бастамасы бойынша, егер анағұрлым кеш орындау әкімшілік процеске қатысушының құқықтарына елеулі зиян келтіретін болса не қиындататын болса немесе мүмкін болмаса, соттың шешімін дереу орындауға жіберуге құқылы.

       Сот актісі дереу орындауға жіберілген кезде сот әкімшілік процеске басқа қатысушылардың да құқықтары мен жария мүдделерін де ескереді.

        Сот кез келген уақытта әкімшілік процеске қатысушының өтінішхаты негізінде дереу орындауға жіберілген сот актісінің орындалуын тоқтата тұруы мүмкін.         

          Бұл ретте әкімшілік сот  өзі шығарған сот шешімдерінің орындалуын өзі бақылуға алып, қадағалайды.

         Мысалы, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен 2021 жылдың көлемінде шығарылған шешімдердің 76 заңды күшіне енген болса, бүгінгі күнде оның 73 толық орындалған, 3 іс бойынша орындалу барысында, заңда көзделген мерзімдер бұзылмаған.

          2022 жылдың көлемінде талапты қанағаттандыру жөнінде 110 шешім шығарылған, оның бүгінгі күнде 24 заңды күшіне енген, оның ішінде 22 сот шешімі сот бақылауы қағидаты басшылыққа алынып орындаған, 2 шешім орындалу барысында.

         Сот актілерін, сол сияқты сот талаптарын орындамау ӘРПК-де көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға және заңда көзделген жауаптылыққа алып келеді.

    Гүлжазира Тұрабекқызы Қалдыбекова, Шымкент қаласының МАӘС судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...