12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шымкенттіктер қала күнін атап өтті

«Шарықтай бер, Шымқалам!». Осындай игі тілекпен шымкенттіктер қала күнін тойлады. Мереке қарсаңында 20-дан аса маңызды іс-шара ұйымдастырылып, кеше Әл-Фараби алаңында республикаға танымал өнерпаздардың қатысуымен қорытынды гала-концерт өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мереке бұрынғыдан өзгерек. Себебі, пандемиядан соң алғаш рет кең көлемде дүбірлі той тойланды. Мерекелік көңіл-күй мен шаттық лебі Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің құттықтау сөзінен де сезілді.

«Шымкент республикалық қала статусын алған 4 жыл ішінде тұрғындар саны 12 пайызға, өндіріс көлемі 6 есе артып, мегаполис бюджеті 4 есеге дейін ұлғайды. Шаһарымыз инвестиция тарту бойынша республикада көшбасшы қалаға айналды. 2200 жылдан астам тарихы бар шаһар 4 жыл жыл ішінде дами түсті. Футболшыларымыз да қала күніне сыйлық жасап, «Ордабасы» клубы Оңтүстік дербиінде «Тараз» командасынан 3-2 есебімен басым түсті. Шымкент — жастардың қаласы. Шарықтай бер, Шымкент!» – деді М.Дүйсенбекұлы құттықтау сөзінде.

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары алаңға жиналған шымкенттіктерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Кеш қонақтары Заттыбек Көпбосынұлы, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Әйгерім Қалаубаева, Ғазизхан Шекербеков, «Жігіттер» квартеті, Қайрат Нұртас пен өзге де өнерпаздар қала күніне қонақ кәдесін ұсынып, әннен шашу шашты. Олардың Шымкентке арнаған тілектері көрермендерді жігерлендіріп, кеш көркін қыздыра түсті.

Салтанатты кеш соңы от шашуға ұласып, шымкенттіктерді ерекше күйге бөледі.

Айта кетейік, мерекелік іс-шаралар легі «Фан клубтар» шеруінен бастау алып, Shymkent Nomad Film фестивалімен жалғасқан болатын. Сонымен қатар, түрлі спорттық турнирлер ұйымдастырылып, Қазақстанның үздік тауар өндірушілері, қолөнер шеберлері мен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шымкентте Шәмші әндері шырқалып, қала тұрғындары мен туристер Balmuzdaq Fest фестивалін тамашалады.

Социальные выплаты получат 70 специалистов, прибывших работать в область Жетысу

Решением комиссии акимата области Жетысу и Управления здравоохранения с...

«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде квазимемлекеттік секторда «ISО 37001:2016 Парақорлыққа...

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...