12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Мемлекеттік  қызмет — бұл  адамдардың  әлеуметтік  қызметінің  бір түрі. Бұл  ұғым меншік  нысандарының  тәуелділігіне  байланысты, адамдардың  органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы  қызметті  жүзеге  асыруларына  және  қызметкерлердің  функцияларының  сипатына  қарай  анықталады. Бұл  әлеуметтік  қызмет  түрінің  мемлекттік өкімдік  сипаттамасы  бар  және  оны мемлекеттік қызметшілер деп  аталатын  азаматтар  жүзеге  асырады.

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алған  кезде  елімізге  жаңа  мәртебемен  қоса зор  жауапкершіліктер  мен  мол  міндеттер  жүктелгені  мәлім. Осындай  ауқымды міндетті  жүзеге  асыру  тек  кәсіби, білікті  әрі  қиыншылықтар мен  түрлі  жүктемелерге  төтеп  бере  алатын  мемлекеттік  қызметтер  аппараты  ғана жүзеге  асыра  алатыны  сөзсіз. Мемлекеттік  қызмет  үлкен  жауапкершілікті  қажет  етеді. Мемлекеттік  қызметкер — елдің  мүддесі  үшін  аянбай  еңбек  ететін  тұлға.

Мемлекеттік қызмет  атқару — қоғам  мен  мемлекет  тарапынан  ерекше  сенім  білдіру болып  табылады   және  мемлекеттік  қызметінің  моральдық-әдептілік  бейнесіне жоғары  талаптар  қояды.  Мемлекеттік  қызметшілер  әр  түрлі  қоғам  мүшелерінің  өкілдерімен  жұмыс істейтіндіктен, аса  үлкен  дайындықпен  қызмет  атқаруы  тиіс. Сонымен  қатар, адамгершілік  құндылықтар  адамға  деген  мейірімділік, оның  жанын  түсіну, көмек беруге  ұмтылу  әрі  жұмысына  адал  болу  және т.б. оның  басты  этикалық құндылықтары   болып  табылады. Қызмет  орнында  өзін-өзі  ұстай білуі, сыртқы бейнесімен  тәртібінің  сай  болуы, оның  түсінікті  әрі  жүйелі  түрде  сөйлей  білуі тиіс. Жұмыстан  тыс  уақыттарда  да  әдеп  нормаларын  сақтай  білуі  керек. Еліміздің ертеңі — бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты.

Мемлекеттік қызметші болу —  зор сенім, үлкен құрмет. Мемлекеттік қызметшінің әлеуеті мықты болса, елдің де тұғыры биік. Сондықтан ел мүддесі жолындағы  белесте  халық сенімінен шығу — басты міндет екенін әрдайым есте ұстағанымыз жөн.  

Баубекова Майра,  ТО Әділет департаменті 

                                                                            әкімшілік-құқықтық  бөлімінің бас маманы

О накоплении воды в водохранилищах

Задача Министерства водных ресурсов и ирригации во время паводкового...

Су қоймаларына су жинау туралы

Көктемгі су тасу кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің...

Қызылордада жемқорлыққа қарсы волонтерлер бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғанын анықтады

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер...

Жұмыс кеңесі өтті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Астана қаласы бойынша ҚАЖД Байқоңыр...