12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ресей Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайын Еуропаға жіберуді уақытша тоқтатты

Ресей бастапқыда Қазақстан мұнайын Новосібір айлағы мұнай терминалы арқылы тасымалдауды қысқартып, кейін мүлде тоқтатқан. Бұған портты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалған миналардан тазарту себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Комменсантъ» басылымына сілтеме жасап. 

Новосібір айлағы айдынындағы Каспий құбыр желісі консорциумы нысанының маңын тінту кезінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалған жарылғыш зат болуы мүмкін 50-ден аса зат табылған. Сонымен қатар 2022 жылдың басынан бері Новосібір айлағы маңынан қауіпті болуы мүмкін заттар табылғаны айтылады. 

Алайда 16 маусымда консорциумға іргелес су қоймалары зерттеу және зарарсыздандыру мақсатында кемелер үшін толық жабылып, Қазақстан мұнайын тасымалдау толығымен тоқтап қалған. Келесі минадан тазарту жұмыстары 20 маусымға жоспарланған. Мұнайды Каспий мұнай консорциумы арқылы тасымалдау айдың соңына дейін тоқтауы мүмкін. 

Каспий құбыр желісі консорциумының ұзақтығы (Теңіз – Новосібір) 1 511 шақырым. Бұл желі бойынша Қазақстан мұнайының 2/3 бөлігі, сонымен қатар Каспийде орналасқан ресейлік кен орындарынан шикізат тасымалданады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қара теңізде болған дауылдан Каспий құбыр желісі консорциумына тиесілі құбырға айтарлықтай зақым келгені туралы хабарлаған едік. Консорциумның теңіз терминалын кезектен тыс тексеру кезінде үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған.

Тәртіптік комиссия қызметін үйлестіру жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі -...

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...