12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҰЛЫТАУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ӨТТІ

КЕШЕ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТІП ЖАТҚАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ. ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ЖАҚЫНДА ҒАНА ОБЛЫС МӘРТЕБЕСІН ҚАЙТА АЛҒАН ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНДЕ ӨТТІ.

«Баршаңызға Ұлттық құрылтайдың ашылуы құтты болсын дегім келеді. Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата Заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңаруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты», – деді Қ. Тоқаев.

Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар. Дербес облыс мәртебесі берілген Ұлытау аймағы болашақта тың серпін, жаңа қарқынмен дамитын болады. «Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады. Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиынмен басталуда. Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты», – деді Президент.

Бұдан кейін ел бірлігін бекітіп, татулықты, бейбітшілікті нығайтатын, шынайы халықшыл Ұлттық Құрылтай болатынына сенім білдірген Мемлекет басшысы: «Құрылтайға Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылды. Үкіметтік емес және кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелерін қостық. Мен, Ұлттық құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайды деп сенемін. Бізде түрлі пікірталас алаңдары бар, бірақ құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек», – деді.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Қазақстанда вейпке тыйым салынды: Тоқаев заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады?

Астана әкімдігі жылу беру маусымының аяқталғанын хабарлады.

Қонаевқа жаңа әкім тағайындалды

Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.