12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда жаңа ұлттық мереке пайда болады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Президент 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды.

«Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды», – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

«Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек»,  – деді Тоқаев.

«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде квазимемлекеттік секторда «ISО 37001:2016 Парақорлыққа...

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...