12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Басты бағыт – елмен етене араласу

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұмысының басым бағыттары жайлы әуелгі кезекте журналистерге сұхбат беруі – мемлекеттік саясатқа сай елмен етене араласатынын,өзекті мәселелерді өзі көріп, әділ шешім қабылдайтынын білдіретін оң қадамы болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ең алдымен халықтың денсаулығына, жұмыспен қамтамасыз етілуіне тұрмыс жағдайына, өмір сүру қажеттілігін өтейтін табыс табуына баса назар аударатынын естіген ел қуанды. Жаңа әкімге сенім артып, үміттерін үкіледі.

Шыны керек, жиырма жылда Талдықорған «үлкен ауылдан» сәні мен салтанаты артқан керемет қаланың біріне айналды. Енді осы қаланы сақтап, даму үрдісін үдету билікке де халыққа да қажет. Өркениетті елдерге барып келген азаматтар дамушы елдердің өсу, өркендеуін көріп түйген ойларын ортаға салса, іс жүзіне асуына себепші болса құба-құп. Сонда ортақ мүддеге тезірек қол жеткізуге әркімнің септігі тиері хақ. Біле-білсек, бұл Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорған топырағын басқан, басып жүрген жандардың азаматтық парызы. Ұлттық патриотизм дегенде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қазақы тәлім,тәрбиенің тұнығынан, қайнар бастауынан сусындаған парасат, пайымы биік азамат екенін айтып өткен дұрыс.

-Екіншіден, әділдік принципі. Заңның баршаға ортақ болуын, заңның басымдығын қамтамасыз етуіміз керек. Әлеуметтік әділетсіздік болмауы керек, әлеуметтік әділеттілік принципін сақтауымыз керек», — деді облыс әкімі.

Осыған дейінгі өңір басшыларының бірде бірінің аузынан шықпаған құнды сөз. Құндылығы сол – заңды оқу, білу, сыйлау, құрметтеуден тұратын құқықтық мәдениетті дамытуға жарқын жол ашып тұр. Енді халықтың атын жамылып әлеуметтік желілерде «ақпарат» таратушылар аяқтарын тартып басатын болады. Өйткені, заң талабы қатал. Таза адамның арына тиу заңмен жазаланатынын білген жөн.

Жетісу аграрлы облыс. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға сұранып тұрғанымен, ұтқырлық, тың идея әлі айтыла қойған жоқ. Төрт түлік өсудей-ақ өседі. Қант қызылшасы мен жеміс-жидек түсімі де мол. Бірақ өндіріс, қайта өңдеу, экспортқа шығару жылдар бойы ақсап тұрғаны ақиқат.Міне, осы олқылықты толтыру үшін аймаққа жаңа инвесторлар тартуға басымдық беру керектігін кесіп айтқаны халықтың көкейіндегі көп ойды дөп басты. Сол сияқты табиғаты көркем, суы мол өңірде туризмді дамытуға ықпал ету уақыт талабы екенін де жаңа әкім ұғындыра білді.

Жаңа Жетісу облысы әкімдігінің облыс орталығындағы Салтанат сарайында орналасуын қаламадым. Салтанат сарайы — халыққа қажетті нысан, жастар неке қиятын орын. Ол жұмыс істеуі керек, халыққа қызмет етуі керек. Жастардың жолына бөгет болуға біздің қақымыз жоқ. Сондықтан біз Талдықорған қалалық әкімдігі ғимаратына уақытша орналастық. Облыс әкімдігінің өртенген ғимараты жөнделіп, қалпына келтірілгеннен кейін біз ағымдағы жылдың күзінде бұрынғы ғимаратқа көшеміз, — деп жаңа Жетісу облысы әкімдігінің уақытша орналасу орны туралы алыпқашпа сөздерге нүкте қойды Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.

Нұрбол Әлдібаев, «Заң газеті»

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...

ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы-жас ғалымдар алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында...