25 C
Алматы
Среда, 13 июля, 2022

Сотталған: Әкемнің жолымен жүрмедім деп өкінемін

Қызылорда облысы ҚАЖ Департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторында теріс діни ағым жетегінде кеткен сотталғандармен тәрбиелеу процесінің бір бағыты ретінде психологиялық жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді.

Осы тұрғыда неғұрлым тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, мекемеге Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маман инспекторы Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы шақыртылды.

Тәжірбиелі маман мекемедегі тероризм және экстремизм баптары бойынша сотталған азаматтарымен « Бостандық белестері» деген тақырыпта бірнеше тренинг өтті.

Өткізілетін тренингтердің мақсаты : сотталғанның өзін — өзі танып, жеке басындағы кемшіліктері мен артықшылықтарын саралап, оның дамуын, жұмыс қабілеттілігін бағалау, айналасындағы адамдармен және отбасымен қарым-қатынасты жалғастыру болып табылады. Алғашқы тренинг «Менің есімімнің тарихы» деп аталды. Яғни , әр адам өзінің есімін кім қойды? Неге бұлай атағанын айтып шықты.

Менің есімімді 9 мамыр жеңіс күніне орай туылғандықтан, атам Жеңіс деп қойыпты. Жылда бұл мереке күні біздің қара шаңыраққа барлық ағайын жиналып,қуанышқа бөленетінбіз — деп, Ж есімді сотталған бостандықтағы күндерін еске алды. Екінші «Ертегі кейіпкерлері» деп аталатын тренингтің шарты бойынша, сол бір балалық шақта оқыған ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлерін айтып шығу керек болатын. Менің есімде әдебиет сабағындағы «Толағай» ертегісі қалыпты. Онда қуаңшылық көрген жұртына тауды көтеріп әкеліп, жаңбыр жаудырған алып бала Толағайдың ерлігі ұнайды- деп, жеткізді ойын Е есімді азамат.

Үшінші «Әке бағыты » деп аталатын тренингтің шарты бойынша, бір сотталғанның көзін жаппай, қалғандарының көздерін байлап, алдыңғы «әкелерінің» соңынан еріп жүрулері керек болатын.

Әкенің міндеті, балаларын кедергілерден аман алып шығу. Әке рөлінде топ бастап жүрген С есімді сотталғаннан қандай сезімде болдыңыз дегенде :
Бүгінгі тренингте әкемді еске алып, неге дұрыс жолмен жүрмедім екен, айтқан ақылдарын тыңдағанда сотталмас па едім? – деп, өкінетіндігін айтып жеткізді.

Ия, тренингтер жәй ойын ғана емес, сотталғандарды ойға салып, өз-өзін тануға жетелейді.

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости