12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сөзге деген жауаптылық төмендемеуі керек

Қазір ақпараттар заманы. Азаматтар бұрынғыдай ақпарат алу үшін теледидарға телміріп, газет-журналды күтіп отырмайды. Өйткені, заман алға жылжыған сайын дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының орнын алмастыратын сайттар, ақпараттық порталдар пайда болды. Тіпті, бүгінде әлеуметтік желілердің жылдамдығы, танымалдығы дәстүрлі БАҚ-пен теңесіп, кейде озып кететін тұстар көп.

Ақпаратты жедел алған, барлық мәселеден жедел, жан-жақты хабар алып отырған жақсы. Ақпаратты дер кезінде біліп отыру азаматтардың құқықтық тұрғыдан ұтылмауына, өзіне керек мәліметпен танысу арқылы өз мәселесін тиімді шешуіне көмектеседі. Отандық сот та ақпараттың осы артықшылығын өз жұмысына ұтымды пайдаланып келеді.

Ақпараттың сот құрылымы үшін де маңызы зор. Себебі халық қазақстандық соттағы жаңалықтарды дер кезінде біліп, сараптама жасауы үшін сот қызметкерлері қажетті мәліметтерді өз сайттарында, судьялар мен сот қызметкерлерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында керегінше таныстырып, бөлісіп отырады. Насихат жұмысының жол қойылауы сот қызметіне қатысты күмәнді ойлардың алдын алады, жалған мәліметтердің таралуына тосқауыл қояды.

Жалпы, әлеуметтік желі қолданушылар саны көбейген сайын сөзге деген жауаптылықтың кемігенін мойындауымыз керек. Мәселен дәстүрлі БАҚ тексерілмеген, сүзгіден өтпеген, дерек көзі жоқ күмәнді ақпаратты көпшілікке бөліспейді. Ал әлеуметтік желілерде, блогерлерде мұндай жауаптылық жоқ. Сотқа қатысты теріс пікірді де туғызатын осындай белгісіз адамдардың парақшалары.

Бүгінде арзан сөзбен атын шығарып, сөзді қару ету арқылы ел арасына іріткі салып отырғандарды көргенде жауаптылықтың қаншалықты төмендегенін аңғарғандай боласың. Өкініштісі, өз танымалдығын көтеру үшін болмағанды болғандай етіп, алмағанды алғандай етіп жазатындар қаншама жанның арына дақ түсіретінін көзіміз көріп отыр. Осының өзі бізде өз ойын айту мен өзгенің намысына тиюдің ара жігі әлі толық ашылмағанын көрсетеді.Соның кесірінен бүгінде ар-намысыма тиді, жеке басыма қол сұқты деген себеппен сотқа жүгініп, өз құқығын қорғауға тырысатындар саны артқан.

Мұндай жағдайлар орын алмауы үшін құзырлы орындар өзіне қатысты ақпаратты жасырып-жаппай, халыққа ашық болуы тиіс. Журналистердің сауалына дер кезінде, толымды жауап қайтару жалған ақпараттардың таралуына шектеу қояды. Сондықтан да бүгінде әр сотта БАҚ-пен байланысты үйлестіретін судья мен сот маманы белгіленген. Бұл журналистермен арадағы байланысты жандандырып, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру үшін керек.

Перизат Аманбаева,
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...