12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот отырысындағы қауіпсіздікті сақтау маңызды

Сот отырысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен мән беріледі. Бұл орынға жіті бақылау орнатып, тексеру жүргізудің өзіндік себебі бар. Мұндағы бірінші себеп, біріншіден сот — мемлекет атынан үкім шығарылатын мәртебелі орын. Сот отырысына қатысатын тараптардың барлығы «Құрметті судья» деп сөз бастап, қазыларға жоғары құрмет көрсетеді. Осының өзі ақ пен қара таразыланатын орынның ел арасындағы беделін көтеріп, маңызын арттырады.

Екіншіден, ақиқат айтылатын ортада әр сөз ыждағаттылықпен тыңдалып, әр адамның уәжі тыңдалуы тиіс. Тыныштық пен жауаптылық салтанат құруы міндетті ортада сөзді мұқият тыңдамау шындықтың бұрмалануына әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан судья тараптарға тең қарап, қатысушылардың барлығына бірдей мүмкіндік беріп, азаматтардың бір-бірін сыйлауына, бір-біріне құрметпен қарауына әрі кепіл болады, әрі соны қамтамасыз етеді.

Әрине, сот — дау алаңы. Онда шындыққа көз жеткізу үшін таластың туындайтыны да, ашумен кейде оғаш әрекеттердің жасалатыны да кездеседі. Судья іске төрелік етумен шектелмей, тараптардың өз шындығын сабырмен жеткізуіне, екінші тараптың сөзін бөлмей, ойын еркін айтуына бастамашы болуға тиіс. Сот мәдениетті түрде ойын айтып, сауалын қойып, жауап беретін орын болғаны жөн.

Үшіншіден, сот мәжіліс залдарында қауіпсіздікті сақтау басты орында тұрады. Өзінің дұрыстығын дәлелдеп, қоғамның көңілін аударуды ойлаған, сол арқылы жеңіске жетуді көздеген кейбір азаматтардың оқыс қадамға баратынын көзіміз көріп жүр. Өзіне қол саламын, ортақ тәртіпті бұзамын деген азаматтар кейде өз мақсатына жету үшін айналасындағылардың қауіпсіздігін қаперден шығарып жатады. Сот отырыс залдарында мұндай төтенше жағдай орын алмас үшін сот ғимаратына келгендерді тексеріп, суық қарумен, күдікті заттармен залға өтуіне жол берілмейді. Бұл сот ғимаратының қауіпсіздігі, азаматтардың амандығы үшін ғана емес, мәртебелі орынның беделін сақтауда да маңызды.

Гаухар Шалабаева,
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...