12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүйе Конституциялық
негіздерді нығайтты

Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас. Ал Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тиімді сот жүйесі Қазақстанның серпінді дамуының маңызды негіздерінің бірі болып табылады. Өйткені, сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары деңгейі мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларында жүргізіліп жатқан қайта құрулар табыстылығының негізгі факторы.
Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар және заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
Сот ісін жүргізудің негізгі міндеті адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ, құқықтық кепілдіктердің барлық спектрін тиімді қамтамасыз ету және оларды іс жүзінде жүзеге асыру. Тәуелсіздік жылдарында республикада сот жүйесінің толыққанды құқықтық негізі жасалды деп сеніммен айтуға болады.
Баршамызға мәлім болғандай, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 183 қаулысымен мерекелер тізбесі «Судья және сот қызметкерлері күнімен» толықтырылды және мереке күні болып 24 маусым бекітілді. Себебі, 1992 жылдың дәл осы күні «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» заңы қабылданған болатын.
Бұл мереке конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін судьяларға, сот қызметкерлеріне құрмет ретінде белгіленді.

Ж.Сейтжапаров,
Ақтөбе облысы Қобда аудандық сотының төрағасы

Ақтөбе облысы

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс...

Үлкенге де, кішіге де қамқор аға

Қазақстан соттарының төл мерекесі тек сот қызметкерлері үшін ғана...

ДАМУ ЦИФРЛАНУҒА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ

Сот жүйесінің кешегісіне көз жүгіртіп, бүгінгісіне талдау жасайтын болсақ...

Ардагер-судьяларға алғысымыз шексіз

Кәсіби мерекені белгілеудің өзіндік мәні бар. Бұл әр мамандықтың...

Мақсатымыз айқын, межеміз белгілі

Мемлекетті мемлекет ететін заң десек, сол заңның мүлтіксіз орындалуын...