12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда жалған мемлекеттік нөмірмен жүргендер қалай жазаланады?

Қазақстанда көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсынылған норма Парламент Мәжілісі екінші оқылымда мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.

Мәжіліс депутаты Нәзила Раззақтың айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылып қана қоймай, бес тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

«Ұсынылып отырған тағы бір маңызды түзету — көлікті мемлекеттік нөмірсіз қайталап немесе бірнеше рет жүргізгені үшін, сондай-ақ көлік құралына жалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, бұрын айыппұл ғана салынса, енді жүргізушіні бір жыл бес тәулікке куәлігінен айыруы мүмкін», — деді Раззақ Мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбауға байланысты құқық бұзу деректеріне әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделген.

В Каратобинском районе ЗКО от паводка спасают около 400 человек

27 марта село Коржын Каратобинского района Западно-Казахстанской области затопило...

Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқыны жағдайын жоюға атсалысты

Мысалы, Арқалық жастары су басуға бейім үйлерді қардан тазарту...

ТАРАПТАРДЫҢ ТАТУЛАСУЫ

Дауды шешудің ең жақсы әдістерінің бірі медиация болып табылады...