12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда вейптерді сатуға және шегуге тыйым салынатын болды

Қазақстанда вейптерді сатуға және оларды шегуге тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Аманжан Жамалов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салынатын түзетулер енгізу туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтығы, газы – осылардың бәрін Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады», — деді ол.

Осыған байланысты Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізілетін болады.

«Барлық хош иісті темекі бұйымдарын Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. Сондықтан бұл ұғымдар Салық кодексінен алынып тасталатын болады», — деді мәжілісмен.

Сонымен қатар, Жамаловтың атап өтуінше, Қазақстанда қазіргі уақытта қыздырылған темекіге (Айком және Гло) ешқандай салық салынбайды.

Алайда оның денеге әсері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымдары бойынша никотин мөлшері және басқа параметрлері жағынан әдеттегі темекіден кем емес. 

«Бүгін депутаттар бұл өнімдерді акциздермен жабу туралы шешім қабылдады. Оларға кәдімгі темекі акциздерінің 70%-ы мөлшеріндегідей акциздер енгізу туралы шешім қабылданды», — деп нақтылады мәжілісмен.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу

Сыбайлас жемқорлық - қазіргі таңда әлемдік, әлеуметтік құбылыс. Мұның...

УСИЛИТЬ МЕРЫ БЕЗОПАСНОСТИ

В СВЯЗИ С СОБЫТИЯМИ В СТОЛИЦЕ, КОГДА НЕИЗВЕСТНЫЕ УГРОЖАЛИ...

«КӨМЕКТАЙМС» – ВРЕМЯ ПОМОЩИ

ЦЕНТРОМ ПО ВЫЯВЛЕНИЮ И ПОДДЕРЖКЕ ОДАРЕННЫХ ДЕТЕЙ И ТАЛАНТЛИВОЙ...

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...