12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әйел теңдігі – әлемдік мәселе

Зайырлы, құқықтық мемлекеттің барлығында азаматтарды тіліне, жынысына, жасына, дініне қарап бөлуге, алалауға рұқсат жоқ. Біздің елімізде де бас құжатымыз - Конституцияға сәйкес азаматтардың құқығы бір. 
Дегенмен, тәуелсіздік алған кезден бері гендер теңдік стратегиясы бойынша іргелі бағдарламалар, маңызды заңнамалар қабылданып, ауқымды жұмыстар қолға алынды. Ондағы басты мақсат - қыз-келіншектер құқығының бұзылмауына, қоғамда ер-азаматтармен теңдей еңбек етіп, қызмет етуіне жағдай жасауға бағытталған. Әрине, ежелгі қазақ дәстүрінің өзінде әйелге деген құрмет ерекше. Қазақ қызының тәрбиесіне терең көңіл бөліп, қызға қиянат жасамауға, қыздың арын биік ұстауға басымдық берген. Өйткені қыз отбасының шуағы, бейбіт өмірдің кепілі. Әрі қыз - болашақ ана, ұрпақты тәрбиелейтін, ұлтты өсіретін адам. Ұлттың қлы болуы, ұрпақты текті болуы ең алдымен әйелдің берген тәліміне, көрсеткен өнегесіне тікелей тәуелді. 
Тәуелсіз елімізде қазақ қыздарының қолы тимеген, араласпаған сала аз. Нәзі жандылар өзі жүрген ортада тыныштық пен татулықтың орнығуына себепкер болып, тазалықтың, жауаптылықтың үлгісін көрсетіп жүр. Қызметте де ерлермен иықтаса жүріп талай табысқа жеткен әйелдердің отбасының түтінін түзу шығарып, ұл-қызының да тәрбиесін бақылауға қалай уақыт табатынына кейде таңғаласыз. Мұндай қызмет пен отбасының шаруасын ақсатпай қатар алып келе жатқан арулар қазақстандық сот сабында да аз емес. Біз оларды үлгі тұтамыз, жақсы істерін өнеге етеміз. Алайда, отбасында зорлық-зомбылық көріп, әлімжеттіктің құрбаны болып отырған қатарластарымыздың да бар екенін мойындауымыз керек. Мұндай жағдайдан ешбір ел сақтандырылмаған. Алпауыт, дамыған мемлекеттердің өзінде әлеуметтік осал топтардың құқықығын тапталуы жиі орын алады. 
Гендерлік теңдікті сақтап, әйелдерге қарсы құқық бұзушылықтарды болдырмас үшін елімізде қабылданған заңнамалар баршылық. Жалпы әйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес жөнінде біраз істер атқарылды. Егер 1998 жылға дейін бұл мəселемен тек ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар айналысатын болса, ал 2010 жылдан бастап бұл республикалық деңгейде қарастырылады. Мұндай іргелі істердің бастауында 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Рес­пуб­ли­касының гендерлік теңдігі стратегиясы тұр. Бұдан кейін 2009 жылы Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң қабылданды. Ал 2016 жылы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға де­йін­гі отбасылық және гендерлік сая­сат тұжырымдамасы жарияланды. Ген­дерлік тепе-теңдік пен адам капиталын дамытуға, отбасы құндылығын нығайтуға бағытталған осындай бас­та­­малар жиі жүзеге асырылып жатқа­нымен, әлі де болса қоғамда атал­ған мәселе шешімін таппай отырғаны рас. Гендерлік саясаттың маңызы - қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. 

Толқын Далабаева,
Алматы қаласы
Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...