12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін». Қасым-Жомарт Тоқаев Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен ауқымды домбыра сабағын өткізген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Халық мұрасын насихаттау және үйрету ісіне бел шеше кірісіп, көпшілікке белгісіз туындыларды нотаға түсіріп, олардың авторларын анықтауға атсалысып келесіз. Сан жылғы зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі іспетті еңбектеріңіз қазіргі таңда музыка мектептері мен оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып жүр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің мыңнан астам оқушысы қатысқан домбыра сабағыңыз өскелең ұрпақтың ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттырып, білімін тереңдеткен маңызды шаралардың бірі болды. Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған бұл мәдени іс-шара Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін», — делінген алғыс хатта.

Еске салайық, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 1032 оқушысы төрт күй орындап шыққан болатын. Енді мектеп оқушылары Гиннесс рекордтар кітабына енбек.

Қазақстанда вейпке тыйым салынды: Тоқаев заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады?

Астана әкімдігі жылу беру маусымының аяқталғанын хабарлады.

Қонаевқа жаңа әкім тағайындалды

Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.