12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар спорттық жарыстан сынға түсті

Мақтаарал ауданында 40-тан астам сотталған спорттық жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мақтаарал аудандық пробация қызметі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастаруымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың қатысуымен «Спорт денсаулық кепілі» атты кіші футболдан жарыс өткізілді. Жарыс ФИФА бекіткен футбол ережесіне сәйкес өтті.
Аталған спорттық сайысқа 40 сотталған азаматтардан құрылған 5 команда қатысып, бақ сынады. Қатысушы командалар намысты қолдан бермеуге тырысып бақты.
– Аудандық пробация қызметі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі сотталған жастармен жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, психологиялық кеңестер беру, жастардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында жасалған шаралардың бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытына арналады. Пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз. Жастар арасында спорттық жарыстарға қатысуға ниет білдіретіндердің саны жыл санап артып келеді. Жаза басып жаңылған жастарымыз алдағы уақытта құқықбұзушылыққа жол бермей, өз ісіне адал болса екен деймін, – деді Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нартай Сабаев.
Жаза мерзімін өтеуші азаматтар жазасын өтей жүріп, оларды түзелу жолына салу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, пробация қызметкерлері әртүрлі тәрбиелілік іс-шара ұйымдастырып отырады. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.
Аталған спорттық щараға «Қыран», «Пробация», «Барыс», «Мырзакент» және «Атакент» командалары сынға түстіп, ойын көркін қыздырды.
Жарыс қорытындысы бойынша «Пробация» командасы І орын алса, ІІ орынды «Атакент» командасы иеленсе, ал ІІІ орынды «Мырзакент» командасы қанағат тұтты. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, ойын барысында көзге түскен ойыншыларға да номинация бойынша громато табыс етілді. Атап өтер болсақ, «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылдаушы», «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік жас ойыншы», «Оң қапталдағы үздік қорғаушы», «Үздік қорғаныс тіреуіш орталық жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылдаушы орталық жартылай қорғаушы», «Сол қапталдағы жартылай үздік қорғаушы» және «Оң қапталдағы үздік шабуылшы» номаинация бойынша үздік ойыншылар анықталды.
Жалпы жарыста жүлделі орынға ие болған командалар Мақтаарал ауданының мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт болімінің есебінен арнайы дипломдар мен кубок табыс етілді.

-Мен футбол ойнағанды ұнатамын. Аталған турнир әділ әрі қызықты өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері әртүрлі спорттық, психологиялық және тағы да басқа шараларға қатыстырады. Осындай шаралардан көптеген жақсы дүниелер үйрендім. Өзімнің жасаған қателігім үшін өкінемін. Болашақта, ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жақсы маман иесі болуды армандаймын, — деді сотталған Әмір.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...