12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті

Жыл басынан бері Мақтаарал ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған 18 сотталған адам жұмысқа орналасты.
Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік-құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
Осыған орай Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мақтаарал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Пробация қызметі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында тоқсан сайын жәрмеңке өткізіліп тұрады. Аталған жәрмеңкеге Мақтаарал ауданы тұрғындары мен пробация есебінде тұрған сотталғандар қатысты. Сондай-ақ бұл іс-шарада он жұмыс беруші мекемеден 20 бос жұмыс орны ұсынылды. Іс-шарада жұмыс іздеушілерге газэлектродәнекерлеуші, тас құрылысшы, бетоншы, көмекші жұмысшы, «Мақтарал-Сервис» «Мырзакент Сервис», Жұмыспен қамту 2020 мекемесіне, электромонтер, өрт сөндіруші, тазалаушы, оператор, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, электрослесарь, аула сыпырушы және тағы басқа бос жұмыс орындары ұсынылды.
Іс-шараға пробация қызметінің есебінде тұрған 30-35 жұмыс іздеуші мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Ал, пробация қызметінің есебінде тұрған 3 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Ал, 3 азамат қоғамдық жұмыстарға ниет білдірді.

-Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі. Аталмыш жәрмеңкеге пробация қызметі есебінде және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған 30-35 азамат қатысты, шара барысында қатысушыларды аудан әкімінің бекіткен қаулысына сәйкес 1 пайыздық квота бойынша жұмыстар, ENBEK.KZ порталында аудандағы бос жұмыс орындары және жұмыспен қамту шараларына қатысуға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жобалар ұсынылып, нәтижесінде 3 азамат тұрақты және 3 азамат қоғамдық жұмыстарға ниет білдірді, — дейді Мақтаарал аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нартай Сабаев.
Пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда үстіміздегі жылдың 5 айлық қортындысы бойынша Мақтаарал аудандық пробация қызметінде 83 адам есеп тұр. Сонымен қатар, жыл басынан бері 30 сотталған әлеуметтік-құқықтық бағдарлама бойынша көмек көрсетілген. Оның ішінде, он бес адам медициналық көмек алған. Ал, 15 адамға психологиялық көмек көрсетілген. Алты азаматтың құжаттары қалпына келтірілді. Әлеуметтік төлемдер он екі есепте тұрған адамдарға берілді. Ал, 15 адамға заң тұрғысынан көмек көрсетілді. Қайрымдылық шара бойынша алты отбасыға азық-түлік берілді. Сондай-ақ, 10 сотталғанға басқа да көмектер көрсетілген екен.

-Мен Мақтаарал аудандық пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп болған жоқ. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «Мақаарал-Сервис» мекемесіне жұмысшы болып жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқықбұзбауға тырысамын, — деді пробация қызметінің есебінде тұрған Сержан есімді азамат.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...