12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Моральдық зиянның құны ақшалай
өтеледі

Еліміз тәуелсіздік алып, шаңырағын тіктегелі азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың барлық тетігі жасалып, әлемдік стандарттарға сай келетін сот жүйесі қалыптасты. Әрине, қоғам болған соң дау-жанжалдың орын алуы қалыпты құбылыс. Мәселен, бүгінде тәжірибе көрсеткендей, сотқа моральдық зиянды өндіру үшін жүгінетіндердің қатары көп.
Моральдық зиян дегеніміз азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарының заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің, олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабы болып табылады. Ал, жан азабы бұл адамның түрлі басынан кешкен қорлануына, ызалануына, қысым жасалуына, ашулануына, ұялуына, түңілуіне, залал шегуіне, қолайсыз жағдайда қалуына және т.б. қатысты сезiмі болса, тән азабы күш қолданылуына немесе денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты азаматтың сезiнетiн тәнiнiң ауырғаны.
Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған кез келген жеке тұлғаның моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша сот жүзеге асырады. Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізілетінін атап өткен жөн. Сотқа жүгінген әрбір талап қоюшы талап қоюда оның өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуының мән-жайларын көрсете отырып, нақты дәлелдемелерін келтіріп, моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз ететін өтем­ақы сомасын көрсетуге міндетті.
Азаматтық кодекстiң 9, 141-баптары мен басқа да заңдарға сәйкес, сот өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды қорғауды моральдық зиянды өтеу арқылы жүргізедi. Кодекстің 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарға заңнамалық актілермен көзделген жағдайлардан басқа кездерде талап қою мерзiмi қолданылмайды.
Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi. Ал, осы моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде азаматқа келтiрiлген жан мен тән азабының ауырлығы, дәрежесі, өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың өмiрлiк маңызы, зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң түрі назарға алынады. Өз кезегінде сот өтемақы сомасын ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып анықтайды. Ақшалай өтемақының мөлшері құқыққа қарсы әрекет жасалғаны үшін және оның зиян келтірушіге келтірілген салдары үшін жауапкершілік шарасы. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес келмейтiн актiлер шығаруының, заңсыз соттаудың, заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартудың және өзге де жағдайлардың нәтижесiнде азаматқа келтiрiлген моральдық зиян мемлекеттік қазына (республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты) есебiнен зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтеледi.
Ата Заңымызда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқығы мен бостандығы екендігі көрсетілген. Осы орайда, адамның құқығы ең биік құндылық екенін ескере отырып, оны әркез лайықты қорғау – басты міндет болмақ.

Марал СЕЙТОВА,
Ақтау қаласы №2 сотының судьясы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...