12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Дәлдеп атып жауды жең,
дәлдеп айтып дауды жең»

Мемлекетіміз азаматтардың құқығына қатысты дауды шешудің баламалы тәсілдерін заңнамалық деңгейде бекіткен болатын. Соның бірі – медиация. 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» заң қабылданды және 2011 жылы 5 тамызда қолданысқа енгізілді.
Медиация дегеніміз – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылып, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Ол екі жақтың тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді келісімге келуіне жол ашады. Аталған заң жеке және заңды тұлғаларға қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сонымен қатар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы дауларды шешуге қолданылады. Жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқық қатынастарынан туындаған дауларды шешу кезіндегі атқарылатын іс-қимылдар медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда тараптардың өзара шешімі бойынша медиацияны жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік алпыс күннен аспауы керек.
Медиацияда кінәлі және кінәсіз тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы құқықбұзушы адамдарды бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бос­тандығын қорғауды, қалпына келтіруді көздейді. Қысқаша айтқанда, медиация мүмкіндігінше істі сотқа жеткізбеуге тырысу. Сот жария үдеріс, ал медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді, яғни, медиатордың іс барысында мәлім болған ақпараттарды оны талап еткен тараптардың келісімінсіз жария қылуына жол берілмейді. Сонымен қатар, сот отырысы тараптардың бірінің еркінен тыс өткізілуі мүмкін. Тараптар келісім бойынша медиаторды өздері таңдауға құқылы. Медиаторға жүгіну немесе жүгінбеу қажеттігін тараптар өзара келісімге келіп шешеді. Мұндай жолмен мәселе шешу мүмкіндігі болмаса, тараптардың сотқа жүгіну құқығы сақталады. Медиация жүргізу кезінде тараптар дауды реттеу туралы жазбаша нысанда және қол қою арқылы растайды. Келісімде даудың нысанасы, медиатор туралы деректер, тараптардың келісімге келген шарттары, оларды орындау мерзімі мен тәсілдері көрсетілуі тиіс. Осыған сай, тараптар келісімде көрсетілген шарттарды ерікті түрде орындауға міндетті болып табылады. Бұл шарттар тиісінше орындалмаған жағдайда, медиацияда жасалған келісімді бұзған тарап Қазақстан заңдарында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.
Тараптардың бірі мемлекеттік орган болған кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дау-шараларға медиация қолданылмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша да медиация қолданылуға жатпайды.
Бұл жол тараптардың өздері үшін де тиімді болмақ. Себебі, қазіргі таңда адамдар арасында көптеген түсініс­пеу­шіліктер орын алуда. Оларды ше­шу үшін сот жүйесіне жүгіну міндетті емес, осы тұрғыда медиация институтын қолдануға болады. Дегенмен, ел даусыз болмайды. Бірақ «Дәлдеп атып жауды жең, дәлдеп айтып дауды жең» дегендей, шешілмейтін дау жоқ. Оның қаншалықты шешімге келетіні дауласушы тараптардың ұстанымына және медиатордың өзінің жұмысын қаншалықты кәсіби деңгейде атқаратынына байланысты болмақ.

М.Толтанов,
Жаңаөзен қалалық сотының судьясы
Маңғыстау облысы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...