12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар психологтан кеңес алды

Жетісай ауданында пробация есебінде тұрған сотталған азамат анасына дөрекі сөйлеп келегіне өкінетінін айтты. Жетісай ауданында пробация қызметінің есебінде тұратын жастармен қоғамдық өмірге қатысу белсенділігі мен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыру мақсатында психологиялық кеңес өткізді.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД қарасты Жетісай аудандықпробация қызметі бөлімінде пробация қызметкерлері мен аудандық Жастар ресурстық орталығының психологімен бірлесе отырып ұйымдастырған психологиялық тренингке пробация қызметі есебінде тұратын он бес сотталған қатысты. Психолог-маман сотталғандармен жеке-жеке психологиялық сұхбат өткізді.

Оларды қоғамнан оқшаулатпай, ортаға тарту маңызды. Барынша жұмыс тауып беріп, әрі қарай көппен бірге араласып кетуін қамтамасыз ету керек.

Бұл тренингтің мақсаты – сотталғандарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту болып табылады. Тренинг барысында тағдыр тәлкегіне түскен азаматтар көптеген психологиялық жаттығулар жасап, әртүрлі сұрақ-жауаптарда жүргізілді.

Аталған семинарға қатысқан пробация есебінде тұрған азаматтар психолог маманның айтқан кеңестерін дәптерлеріне жазып алып та отырды.

— Бұл семинар-тренингті өткізудегі мақсатымыз, пробация қызметінің есебінде тұрған жастар мен азаматтар өздерінің әрбір уақытының қадірін біліп, бағаласа екен деймін. Себебі, әрбір уақыт — біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы әрі қызықты да өкінішті күндерді кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Пробация қызметінің есебінде тұрған әрбір жастың жеке басы жан- жақты зерделенді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесі анықталды. Мекеме психологтары сотталғандардың түзелуі мақсатында оның қоғамдық толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесі қалпына келуіне, тәртіптің жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен құқық нормалары негізінде қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектеседі. Мұндай іс-шараларды өткізу жазаны өтеудің «сұр» күндерін бояйтын және рухани-адамгершілік қайта тәрбиесіне әсер ететін болады. Сотталғандардың жаза өтеу мерзімінен соң теріс немесе жағымсыз мінез-құлыққа жол бермеулеріне, олардың қоғамға, айналаға көзқарасын жақсартуға ықпал жасайды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Дилшод Назаров.  

Психолог маманның кеңесінен қажетті мағлұмат алып, өзінің жасаған қылмысына өкінетін де жасырмады. Ерман есімді сотталған азамат осы күнге дейін өзінің анасына дөрекілік танытып келгенін жасырмады. Ол өзінің жасаған қателігі үшін ең алдымен анасынан кешірім сұрайтынын тілге тиек етті.

— Мен өзімнің жасаған қылмысым үшін қатты өкінемін. Осы күнге дейін анама дөрекі сөйлеп келдім. Өзімнің жіберген қалеіктерім үшін анамнан кешірім сұраймын. Анамды ренжітіп, жылаған әрбір көз жасы менің өмірде жолымның болмауына алып келіп соғуда. Қазақ халқы «баланың бақыты, ананың табанының астында» деп бекер айтпа керек. Ананың разылығын алған адамның өмірде жолы болатынын түсіндім. Психолог маманның кеңесінен үлкен ой түйдім. Менің түзелу жолыма үлкен үлесін қосқан Жетісау аудандық пробация бастығы мен қызметкерлеріне алғыс айтамын, — деді сотталған Ерман.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға, бос уақытын тиімді пайдалану мен өмірге қызығушылықтарын арттыруға, өзін-өзі дамытуға арналған психологиялық дөңгелек үстелден көптеген қажетті дүниелерді естіді. Нәтижесінде азаматтар өз ойларын ортаға салып белсенділік танытты. Мұндай психологиялық семинар-тренингтер жалғасын табады деген сенімдеміз.

Раушан НАРБЕК

Түркістан облысы

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар "Қазгидромет" пен "Қазсушардың" мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған....

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жіберілді

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтармен профилактикалық жұмыстар ұдайы...

Пробация есебіндегі азаматтарға жадынама таратылды

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есесбінде 600-ден астам азамат...