12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

300 млн теңгенің мемлекеттік мүлкін туыстарына таратқан экс-шенеунік сотталды

Таразда құны 300 миллион теңгеге жуық мемлекеттік бес нысанды туыстарына берді деп айыпталған «Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының» бұрынғы директоры Сәкен Бақтыбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хабар 24» телеарнасының хабарлауынша, іскер шенеунік қызметтік бабын пайдаланып, төрт ғимарат пен бір жер телімін сыйға тарту туралы заңсыз бұйрықтар шығарған. Мемлекеттік нысандардың жалпы құны шамамен 300 миллион теңге болды.

Белгілі болғандай, Бақтыбаев өз атына тіркеген бес нысанның екеуін сатып үлгерген, ал қалғаны интернет арқылы сатылымға шығарылған.

Бақтыбаев Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Сержан Әбдіқұлов

Ол сот үкімі заңды күшіне енбегенін атап өтті. Сондай-ақ экс-шенеунік мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкімді облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарды.

Мәмілелер жарамсыз деп танылып, ғимараттар мен жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу ерекшеліктері

           Азаматтық процестік кодексі азаматтық дауларды шешудің іс жүргізу...

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...