12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысында 56 жастағы азамат қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 56 жастағы сотталған азамат заңды қаскөйлікпен бұзғаны үшін қамауға алынды.

Елу алты жастағы ел ағасының пробациялық бақылауындағы мерзімінің аяқталуына 8 ай 14 күні қалған болатын. Осыдан бес жыл бұрын соттың шешімімен ҚР ҚК 120 баптың 1 бөлімен кінәлі деп танылып бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған болатын. Енді өзінің өтелмеген аз мерзімін абақтыда отырып өтейді. Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзып, темір торға тоғылып жатқандар да кездеседі.

Қазақ халқында қалыптасқан үлкен қағиданың бірі – қылмыс жасау тәрбиесіздің белгісі болып табылады. Ата-бабаларымыз үшін ұрлық жасау ұят нәрсе болатын. Сол себепті де, қазақ халқы «ұрлық түбі — қорлық» деп бекер айтпаса керек. Сондай-ақ, дана халқымыз өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үйреткен.

Сонымен қатар, өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үндеген. Десек те, қазіргі таңда елімізде түрлі қылмыстың деңгейі өршіп тұрғандығы жасырын емес. Ойнап жүріп от басқандар да, қасақана қылмыс жасағандар да, аяғын шалыс басқандар да түптің-түбінде жазасын алатыны белгілі. Дегенмен де, өзінің жасаған қателігіне өкінген адамдардың тағдыры аянышты екені анық. Аяғын шалыс басқан жандардың тағдыры әрине аянышты.

— Сотталған азаматты есепке алу барысында пробация қызметкерлері оған сот қаулысы бойынша жүктелген міндеттер, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 44-бабының және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексінің 67-68-баптарына сәйкес жаза өтеудің шарттары, тәртібі және жауапкершілігі жайында толық түсіндірілген болатын. Біз әрбір адамға пробация қызметінің есебіне алынған күннен бастап сот қаулысымен жүктелген жазаның өтеу шарттарын, міндеттерін, тәртібін, жауапкершілігін және құқықтарын толық түсіндіреміз. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттерін және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған жағдайда, сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін, дәл сол мерзімге бас бсотандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіледі. Осыны біле тұра, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзып, сот қаулысымен бас бастондағын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қамауға алынып, жазсын түзеу мекемесінде өтеуге жіберіліп жатқандар кездеседі. Олардың осындай қателігін өзге сотталғандар қайталамас үшін әртүрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізілуде, — деп түсіндірді Сауран аудандық пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абылай Тлеулиев.  

Сондай-ақ, аға инспектордың сөзіне қарағанда жаза өтеу шартын қасақана немесе қаскөйлікпен бұзған жағдайда бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатынын түсіндіріп, өзінен қолхат алынды. Дегенмен, сотталған азамат өзіне берілген жеңілдікті дұрыс пайдаланбай және де жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан ешқандай нәтиже болмаған. Сотты болған Сағит өзімен жүргізілген профилактикалық жұмыстардан дұрыс қорытынды шығармай, жаза өтеу барысында жазаның шарттарын бірнеше рет бұзып, сот тағайынданған үкімнің міндеттерін толық орындамай, пробация қызметі тарапынан бас бостандығынан айыру туралы жазбаша түрде ескерту берілгеніне қарамастан, жаза өтеу тәртібін қасақана бұзған. Соған қарамастан, тұрғылықты мекенжайында түнгі уақытта болмай, белгіленген тәртіп ережелеріне бағынбай, жаза өтеуден жалтарған.  

Алайда, сотталған өзіне жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан ешқандай нәтиже шығармай, жаза өтеу тәртібін қасқөйлікпен қайталаған. Елу алты жастағы азамат қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішіп жанжал шығарған. Осыған байланысты, Сауран аудандық пробация қызметінің ұсынымының негізінде аудандық сотқа жолданған болатын. Аудандық сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, елу алты жастағы азаматты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін темір тордың арғы жағында өтейтін болды.

Әрбір сотталған адам өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып, жазаны өзінің үйінде, отбасының қасында өтеуге үлкен жағдай жасалған. Кей кездері, өзінің жазасына жаза қосып алатын адамдар да кездесіп жатады. Өздеріңіз көріп отырғандай, қылмыс жасаған адам жазасыз қалмайды. Отбасының шырқын бұзіп, қоғам тыныштығын бұзып батыр болып шыға келемін деген адамдар әсте қателесетіні белгілі. Осындайда ақын Абай Құнанбайұлының «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан!» деген өлең жолдары еріксіз еске түседі. Әрбір адам өмірге келгенен кейін, артында ұрпағына өнеге болып қаларлық із қалдырса екен. Елуден асқан ел ағасының жасаған қателігі жастарға сабақ болсын деген оймен қалың оқырманға жолдап отырмын.

Раушан НАРБЕК

Түркістан облысы

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...

Жасырын насыбай алып кірмек болған азамат ұсталды

           Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68...

Осужденные посетили концертный зал QazaQ Classic

Службы пробацией района Байконыр ДУИС г. Астаны при поддержке...