12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мал ұрлығының жазасы қатаң

Бірінші саты сотының үкімімен сотталушылар А. мен Е. ҚР ҚК-ның 188-1 бабының 2-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге, ҚК-ның 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-1 бабының 3-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан, ҚК 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жаза, неғұрлым қатаң жазаға сiңiріліп, түпкілікті 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Үкімге келтірілген апелляциялық шағым негізінде қараған қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы келісін анықтады.

Сотталушылар А. мен Е. екеуі оңай жолмен ақша табу мақсатында жайылымда иесіз жүрген бөтеннің малын атып алуды жоспарлайды.
Шиелі ауданына қарасты жайылымда жайылып жүрген ақ-қара түсті 1 бас ірі қара малын мылтықпен атып алып, екеулеп сойып, етін автокөлікке тиеп, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Осыдан кейін сотталушылар тағы да иесіз жайылымда жүрген қара-ала түсті, 1-бас ірі қара малы мен қызыл ала түсті 1-бас ірі қара малын қос ауызды мылтықпен атып алып, алдын-алажоспарлаған қылмысын аяқтау мақсатында екеулеп ірі қара малдарын сойып, терісін сыдырып,еттерін бөлектеп жатқан кездерінде полиция қызметкерлеріне ұсталып,қылмысқа тікелей бағытталған іс-әрекетін өздеріне байланысты емес мән-жайларбойынша ақырына дейін жеткізе алмаған. Нәтижесінде мал иелеріне мүліктік шығын келтірген.

Сот талқылауында сотталушылар кінәсін толық мойындап, жеңілдеу жаза сұрады.
Сот алқасы іс құжаттарының мұндай тұрғысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеті ҚК-нің 188-1 бабының 2-бөлігінің 1) тармағымен және 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-1 бабының 3-бөлігінің 1) тармағымен дұрыс сараланған, себебі олар адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласып және бірнеше бөтеннің малын жасырын жымқырып, ұрлық қылмыстарын жасаған деген бірінші саты сотының үкімін дұрыс уәжделген деп тауып, күшінде қалдырды.

Бақытжан Қалымбет

Қызылорда облыстық сотының

қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасының міндетін атқарушы

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...