12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дәлелдемелерді жойып, жасыру – жауапкершілік жүктейді

Ел заңдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғаудың кепілі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (ӘРПК) айрықша атауға болады. Өйткені, онда жария-құқықтық дауларды тиімді шешудің тетіктері жан-жақты қамтылған.
Осыған орай айтсақ, әрбір азамат аталған Кодекс тәртібімен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Алайда, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі көзделген жағдайда сотқа сол норма сақталғаннан кейін ғана жүгінеді. Ескерерлігі, ӘРПК-да мемлекеттік органдар талапкер бола алмайды.
Кез келген істе дәлелдеме мен оны дәлелдеудің маңызы орасан. Сондықтан, мақаламызға ӘРПК-нің 19-тарауын арқау етеміз. Әкімшілік процеске қатысушылар білуге тиісті жайт, олар сот талап еткен құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ, сілтеме жасайтын электрондық құжаттарды немесе үзінді-көшірмелерін беруге, мүмкіндіктеріне қарай дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті. Тараптардың дәлелдемелерді жойып, жасыру арқылы олардың тиісті түрде зерттеліп, бағалануына кедергі жасауы заңға қайшы әрекет болып табылады.
Бұлай етсе дәлелдеу міндеті мемлекеттік, атқарушы органдарға жүктелгеніне қарамастан, сот оны кедергі келтіруші тарапқа жүктейді. Процеске қатысушылар мұны мұқият есте ұстаулары тиіс. Тараптардың сотқа іске қатысты дәлелдемелерді толық жинауға көмектесуі заңмен көзделген.
 Бұдан әрі кеңірек тоқталсақ, аталған кодекспен талап қоюдың төрт түрі айқындалған. Мысалы, дау айту жөніндегі талап қоюда дәлелдеу ауыртпалығы – ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкерге жүктеледі. Ал, мәжбүрлеу туралы талап қоюдың әкімшілік актіні қабылдамауға негіз болған фактілер бөлігінде жауапкер, өзі үшін қолайлы әкімшілік актінің қабылдануын негіздейтін бөлігінде талап қоюшы көтереді.
Талап қоюшы қалаған әкімшілік актіні болдырмайтын шарттарға сілтеме жасаса, дәлелдеу міндетін жауапкер алады. Әрекет жасау туралы талап қоюға келсек, мұнда әрекет ету немесе әрекетсіздік танытудан бас тартуға негіз болса жауапкер, өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы көтереді. Тану туралы талап қою бойынша құқықтық қатынастың бар-жоқтығын растайтын бөлікте талап қоюшы, заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ, қандай да бір жасалған әрекет-әрекетсіздіктің заңдылығын негіздейтін фактілер бөлігінде жауапкер көтереді.
Айта кетерлігі, жауапкер әкімшілік актідегі негіздемелерге ғана сілтеме жасайды. Барлық дәлелдеме зерттелгеннен кейін де істің нәтижесіне қатысты қандай да бір факт дәлелденбей қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда істі қарап, шешу нәтижесінің салдары осы фактіні дәлелдеу ауыртпалығын көтеретін тарапқа жүктеледі.
Әкімшілік сот ісіндегі дәлелдеудің басты ерекшелігін соттың белсенді рөлі қағидатымен байланыстыруға болады. Яғни, әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот оларды өз бастамасымен бойынша жинайды. Процестің барлық сатысында формальды қателерді жояды. Сонымен қатар, ол түсініксіз сөздерді нақтылап, өтінішхаттарды істің мәні бойынша береді және нақты деректердің жетпей тұрған тұсын толықтырады. Бұған қоса әкімшілік істің мән-жайын толық айқындап, оларды жан-жақты бағалауда маңызы бар түсініктемелерді жазбаша беруге жәрдемдеседі.
Тараптар уақытында дәлелдемелерді ұсына алмаса, бұл туралы сотты хабардар етулері және дәлелсіз деп танылған мағлұматтар бойынша талап еткен дәлелдемені беруге тиісті. Бұлай болмаған жағдайда, сот ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануы мүмкін.
Іске қатысты құжаттар мен басқа актілердің мазмұнында заңмен қорғалатын мүдделер, мемлекеттік және құпия мәліметтер болса, бұлар жабық сот отырысында зерттеледі. Бұл туралы сот ұйғарымы шығарылады.
Азаматтардың билік органдарымен қарым-қатынасындағы құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі әкімшілік қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруымен құнды.
Б.Байғожаев,
Маңғыстау облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...